Университет жайлы ақпарат

04.12.2015 Сариев Даулетхан Альмаханбетович
Сәлеметсіз бе? Мен Семей геологиялық барлау колледжін бітірдім. Мамандығым геофизик. Сұрағым: 1. Университетте қашықтықтан оқыту бағдарламасы бар ма? 2. Тау кен ісінің факультетінің оқу ақысы неше?(сырттай және күндізгі) 3. Оқуға түсу үшін кешенді тест неше бал жинау керек? 4. Колледжден кейін оқу неше жыл? 5. Университетте оқу ақысына байланысты қандай жеңілдіктер бар? 6. Университетте әскери кафедра бар ма? Бар болса қалай түсуге болады? Назарларыңызға рахмет!!!
28.04.2016
Сәлеметсізбе, Даулетхан Альмаханбетович! Сұрақтарыңызға жауап: Университет сырттай, күндізгі және қашықтықтан оқу бағдарламалары арқылы оқытады. Геофизика квалификациясы бойынша Сіз 5В070600 «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығына тапсыра аласыз. Оқу мерзімі 3 жыл. 2015-2016 оқу жылында сырттай оқу ақысы 262 700 теңгені, күндізгі оқу ақысы 346 600 теңгені құрды. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін қажет: ең төмен балл деңгейі - 100-ден 50 балл (төрт пән бойынша), бейіндік пән бойынша 7 балдан төмен емес, ал қалған пәндер бойынша 4 балдан аз емес мөлшерде. Кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді. Әскери кафедрага ШҚМТУ, ШҚМУ, КАЕУ университеттерінің іштей бөлімінде оқитын студенттер түсе алады. Оқу мерзімі «әскери күн» әдісімен 2 жыл (грант және ақылы түрде). Ақылы оқу бағасы – 135000 тенге 1 жылға. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін талаптар: - GPA (орташа балл) 1-ші оқу жылымен; - ШҚО ҚІД (әскери комиссариат) медициналық тексеруден өту; - психологиялық тестілеу; - дене дайындығы бойынша нормативтер (100 м., 3 км., тартылу). Әскери кафедраны және университетті бітіргеннен кейін ҚР ҚМ бұйрығымен «запастағы лейтенант» әскери атағы мен запастағы офицер әскери билеті беріледі. Әскери кафедраның мекен жайы мен байланыс телефоны: Дзержинский көшесі 7/2, №18 каб. Телефон: 765-751 Толық ақпаратты: http://www.ektu.kz/ сілтемесіне басу арқылы «Талапкер» бөлімінен көре аласыз.