13.01.2015
Сәлеметсізбе Асем.«Білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау Ережелеріне» сәйкес, 19.01.12ж. ҚР Үкіметінің № 110 қаулысымен бекітілген, өзгертулерімен және толықтыруларымен 10.04.13ж. ҚР Үкіметінің №328 қаулысымен бекітілген, білім алушының бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысуы келесі тәртіппен жүзеге асады:
1) Білім алушы ауысуы туралы өтінішін оқып жүрген жоо ректорының атына жазып, мөр басылған жазбаша келісім алғаннан кейін ШҚМТУ ректорына өтініш жазады
2) ШҚМТУ ректорының атына жазылған өтініште Академиялық анықтама және транскрипт болу керек.
3) ШҚМТУ факультеттерінің Деканы (деканның орынбасары) оқу жоспарларында пәндер арасындағы айырмашылықты анықтайды. Міндетті компонентті тапсыру көлемі бес пәннен аспауы қажет). Айырмашылықтарды жою мерзімін декан анықтайды.
Сонымен қатар, игерілетін бағдарламаның жеке оқу жоспары аяқталған кейін бірінші академиялық кезеңнің тапсырылуы ауыстырудың міндетті шарты болып табылады (Сізде бірінші емтихандық сессия тапсырылған болу керек).
Білім алушылардың күндігі оқу түріне ауысу туралы өтініштері жазғы және қысқы каникул кезеңінде академиялық кезеңнің (семестрдің) басталуына бес жұмыс күн қалғанға дейін қабылданады(Яғни, Сіз Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 2014-15 оқу жылының Академиялық күнтізбесіне сәйкес 2015жылдың 19 қаңтарынан қалтырмай өтініш беруіңіз керек)
Толығырақ ақпарат алу үшін Сіз Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Тіркеуші офисіне келе аласыз (8-7232-540-498).
Последние комментарии
Не отображать