емтихан

28.12.2012 Арайлым
Құрметті Нурлан Муханұлы сізге қояр сұрағым емтиханға байланысты, емтиханға денсаулығыма байланысты кіре алмадым дәрігердің анықтамасы бар емтиханды қайта тапсыруыма болама? тағы бір сұрағым 26 желтоқсан күні емтихан тапсыратын орталықта қысқа күн жұмыс күні екенін білмедік емтихан сағат 13:00 болатын тапсыруға рұқсат бермеді 10 күн ішінде тапсырасындар деп айтты тек оқуақымыздың жеңілдігіне әсер етеді екен анықтама болмаса, мұндай жағдайда не істесек болады?
03.01.2013
Сәлеметсізбе, Арайлым! «Студенттердің біліміне қорытынды бақылау жасау және бағалау» Құжаттамалық тәртіптемесінің 4.6.1 тармағына сәйкес, емтихандар электронды тестілеу түрінде бекітілген кесте бойынша компьютерлік сыныптарда жүргізіледі. Күн сайын студенттердің компьютерлік сыныптарда тестілеуге берілген уақыттың аяқталуын СМЖ Департаменті белгілейді, емтихан тапсыруға жіберілетін пункте жарияланады (емтихандардың кестесіне байланысты). Көрсетілген уақыттан кешігіп келген студенттер емтиханға жіберілмейді. Емтиханға келмеудің дәлелді себебін – деканат шешеді. Емтихан сессиясы біткеннен кейін студенттер қандайда бір себеппен тапсырылмаған емтиханды 10 күн ішінде тапсыра алады. Егерде дәлелді себеп болса, деканат студенттің сессия мерзімін ұзартады, бұл жағдайда шәкіртақы немесе оқуға төленетін ақы бойынша жеңілдік алуға кедергі болмайды.