мамандық

14.06.2013 райна
Сәлеметсізбе ректор мырза есімім Райна .11сынып түлегімін . ҰБТ дан орыстілінсіз 66 бал жинадым . таңдаған пәнім физика . қандай мамандықпен грантқа түсуге болады кеңес беруіңізді сұраймын.
22.06.2013
Сәлеметсізбе, Райна! Білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ҰБТ нәтижелері бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Білім беру грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі. Білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификатын, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады. Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді. Таңдау бойынша пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады. Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде қабылданады. Толық ақпаратты Г1-138, Г1-128 дәрісх., 540-354, 541-309 тел. арқылы қабылдау комиссиясында ала аласыз және де www.ektu.kz университет сайтынан қарай аласыз.