03.06.2014
Сәлеметсіз бе, құрметті Студент! Сіз назар аударып отырғандай, мемлекеттік тілді дұрыс пайдалану – өте маңызды проблема. Университетте бұл мәселені шешуге және оны дұрыс жолға қоюға барынша көп көңіл бөлініп, үлкен жұмыс атқарылуда. Бірақ, бұл бір күнде істелінетін оңай шаруа емес, сондықтан да осы сұраққа қатысты проблемалар жетерлік. Мұны порталда жазылған өзіңіздің хатыңыздан да көруге болады, өйткені онда да грамматикалық қателер бар. Мысалы: сәлеметсизбе, дегенди (екі рет), оқысан, кездесип, тағыда, алмайсын, көрсен, оқығын. Ал енді тыныс белгілерінің дұрыс қойылмауы туралы айтпасақ та болады... Сіздің де, жоғары білім алып жатқан студент ретінде, мемлекеттік тілді жетік білуіңіз қажет, деп ойлаймын.
ШҚМТУ порталына келетін болсақ, онымен неғұрлым мұқият жұмыс істеу үшін қойылып отырған мәселе бойынша қатесі бар тиісті тарауды, беттерді және т.с.с. анық көрсетіп, нақты ақпарат жөнінде мәлімет беруді сұраймыз. Өз ұсыныстарыңызды, бірінші кезекте, ШҚМТУ жоғары санаттағы аудармашысы Ғ.М. Сырымбаеваға, екінші кезекті, ШҚМТУ оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректор Н.Н. Линокқа және тәрбие жұмысы мен әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ж.Д. Нәзбиевке тікелей жолдауыңызға болады.
Последние комментарии
Не отображать