кызыл диплом

23.11.2013 Назира
Сәлеметсізбе! Сізге кояйын деген сұрағым, кызыл дипломға өту үшін GPI бойынща орташа балл қанша болу керек және барлық оқытылған пәндер бойынша 4-тік бағаның қанша саны (немесе пайыздық мөлшермен алғандағы )рұқсат етіледі.Басқа қандай талаптарға сай болуы керек. Рахмет!
28.11.2013
Құрметті Назира, «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің типтік ережесіне» сәйкес (16.03.2012ж.ҚР білім және ғылым Министрлігінің № 94 бұйрығымен бекітілген) үздік дипломы А, А- «үздік», В-, В, В+(жақсы) бағаларымен және үлгірімнің орта балы (GPA) оқу барысының барлық кезеңіңде 3,5 кем болмаған жағдайда, сонымен қатар барлық мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «үздік» бағасымен қорғаған студенттке беріледі. Барлық қойылған талаптарды орындаған кезде Сізге үздік диплом беріледі.