03.07.2024
Қайырлы күн Адема!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары" 50-тармақтың 1-тарауына сәйкес "Оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша (қорытынды аттестаттауды қоспағанда) А, А – "өте жақсы", В -, В, В+, С+ "жақсы" қорытынды бағалары бар жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыға үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес болған кезде, сондай-ақ қорытынды бағасын тапсырған А, А – "өте жақсы" бағалары бар аттестаттауға үздік диплом беріледі (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағаларды есепке алмағанда)».
Бұл ретте оқудың барлық кезеңінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырған немесе қайта оқып тапсырған білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Егер де Сізде бір сабақтан FX алған болсаңыз ол қайта тапсырған болып есептеледі, үздік диплом берілмейді.
Последние комментарии
Не отображать