13.02.2014
Құрметті магистрант !
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша (82 тармақ) Магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуі қарастырылады.
Магистрант ғылыми жетекшісінің көмегімен жасалатын жеке жұмыс
жоспары негізінде оқиды.
Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:
1. ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);
2. ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны)
3. практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);
4. негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертация тақырыбы;
5. магистрлік диссертацияны орындау жоспары;
6. ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.
Универиситет бойынша 2014 жылға бекітілген шетелдік ғылыми
тағылымдамадан өту жоспарында ақылы негізде оқитын магистранттарға жақын шет ел, яғни Ресей елі қалаларының жоғары оқу орындары 10 күнге дейінгі мерзімде жоспарланған. Сондықтан сіз Ресейдің жоғары оқу орындарынан 200 000 тенгеден аз қаржатқа тағылымдамадан өте аласыз.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 62 бабының 8 тармағына сәйкес, білім ұйымдарының шарт бойынша ақылы білім беру қызметінің мөлшері білім беру грантынан кем болмауы керек. ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы №500 қаулысымен 2013-2014 оқу жылына магистранттарды дайындауға білім беру грантының мөлшері Ұлттық жоғары оқу орындарында 646,3 мын тенгемен белгіленген.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университет ұлттық университет болғандықтан мәртебесіне байланысты мамандарды (магистранттарды) дайындаудың орташа шығыны 646,3 мың тенгені құрайды. Біздің университетімізде мамандарды дайындау ақысы 396,0 мың теңге. Сондықтан ЕҰУ-де тағылымдамаға бөлінген 130,0 мың теңге, біздің бекітілген сомадан жоғары.
Магистратураға қатысты нормативті құжаттармен университеттің оқу-білім беру порталынан оқып танысуға және сұрақтарыңызбен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне хабарласуыңызға болады.
Последние комментарии
Не отображать