Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Ғылыми-зерттеу жұмысы

Университеттің зерттеу қызметі 33 ғылыми-зерттеу орталықтары, ғылыми-зерттеу және оқу-ғылыми-өндірістік зертханалар негізінде жүзеге асырылады.

Жыл сайын жоғары оқу орны 300-ге жуық ғылыми бағдарламалар, жобалар мен шаруашылық-шарт тақырыптарын орындайды.

2013 жылы орындалған ғылыми және ғылыми-өндірістік қызметтердің жалпы көлемі  350 миллион тенгеден  артық құрады.

Университетте тұрақты түрде республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық конференциялар мен көрмелер өткізіледі, монографиялар, ғылыми еңбектер жинақтары, «ШҚМТУ хабаршысы» ғылыми журналы басылып шығарылады.

«Кен және металдар» баспасының тiрек корреспонденттік пункті,  «Түстi металдар», «Тау журналы»  атты журналдар жұмыс істейді.

2013 жылы ЖООның ғалымдары  1384  ғылыми мақалалар жариялаған, өнертабыстарға 28 өтінім берілді.