2019 жылғы 25 қаңтарда ШҚТУ ректорының бұйрығымен Д.Серікбаев атындағы Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде Гуманитарлық білім беру факультеті құрылды.Бүгінде бұл Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дегі Тілдер құзыреттілік Орталығы болып табылады.
Тілдер құзіреттілік Орталығының жетекшісі п.ғ.к., Жоғары аттестаттау комиссиясының доценті, профессор Сәрсембаева Арайлы Әлібекқызы.
Тілдерді үйрену табысты кәсіби қызметтің маңызды құрамдастарының бірі болып табылады.
Біз сіздерге тілдер әлеміне жол ашамыз және жаңа таныстар мен жетістіктерге сенімді жол көрсетуші болу үшін жұмыс істейміз.
Біз келесі бағыттар бойынша оқытуды жүргіземіз:
- мемлекеттік тіл және орыс тілі
- Қазақ тілі/орыс тілі;
- Кәсіби сөйлеу мәдениеті;
- Іскерлік қазақ/орыс тілдері;
- Ғылым мен техника тілі
- шетел тілдері
- Шет тілі ретінде ағылшын/неміс тілі (бакалавриат);
- Ағылшын тілінде академиялық жазу негіздері;
- Шет тілі (кәсіби) (магистратура);
- Арнайы мақсаттарға арналған ағылшын тілі
- Екінші шет тілі (неміс, түрік, қытай немесе француз)