Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Ғылыми кеңесі 2021 жылдың 25 тамызында қабылданған «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Ғылыми кеңесі қызметінің ережелері» негізінде жұмыс істейді.
Университеттің Ғылыми кеңесінің құзырына мыналар жатады:
- университеттің құрылымын бекіту және оған өзгертулер енгізу;
- оқу және ғылыми бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
- университеттің даму тұжырымдамасын айқындау;
- университеттің оқу-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудағы барлық негізгі болып келетін мәселелерді шешу;
- ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпарат және халықаралық қызмет түрлері туралы есептерін тыңдау және т.б.
Ғылыми кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады және тақ санды мүшелерден тұрады. Ғылыми кеңестің қазіргі құрамы 09.10.2023 ж. № 427-П ректордың бұйрығымен бекітілді.
Ғылыми кеңестің отырысы «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Ғылыми кеңесінің жұмыс жоспарына» сәйкес екі айда бір рет өткізіледі.