Ғылыми кеңес

  Мәтінді оқу  

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Ғылыми кеңесі 2021 жылдың 25 тамызында қабылданған «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Ғылыми кеңесі қызметінің ережелері» негізінде жұмыс істейді.

Университеттің Ғылыми кеңесінің құзырына мыналар жатады:

  • университеттің құрылымын бекіту және оған өзгертулер енгізу;
  • оқу және ғылыми бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
  • университеттің даму тұжырымдамасын айқындау;
  • университеттің оқу-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудағы барлық негізгі болып келетін мәселелерді шешу;
  • ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпарат және халықаралық қызмет түрлері туралы есептерін тыңдау және т.б.

Ғылыми кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады және тақ санды мүшелерден тұрады.  Ғылыми кеңестің қазіргі құрамы 09.10.2023 ж. № 427-П ректордың бұйрығымен бекітілді.

Ғылыми кеңестің отырысы «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Ғылыми кеңесінің жұмыс жоспарына» сәйкес екі айда бір рет өткізіледі.