Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жатақханалары
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттер мен университет қызметкерлерінің тұрмысына және салауатты өмір салтына, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға үнемі қамқорлық жасайды. Университет құрамына кіретін әлеуметтік инфрақұрылым объектісі болып табылатын үш жайлы жатақханамен жабдықталған, олар оқу кезеңінде білім алушыларды, бос орын болған жағдайда еңбек қызметі кезеңінде университет қызметкерлерін, сондай-ақ бос орын болған жағдайда сессия кезеңінде сырттай оқу нысанындағы студенттерді орналастыруға және уақытша тұруға арналған.
Қазіргі уақытта университеттің барлық жатақханаларының жалпы сыйымдылығы-1 453 төсек-орынды құрайды:
- №1 жатақхана - 900 орын.
- №2 жатақхана - 214 орын.
- №3 жатақхана - 339 орын.
Барлық жатақханалар заманауи бейнебақылау жүйесімен, күзетпен және автоматты өрт дабылымен жабдықталған.
Дербес сабаққа және спортпен айналысуға арналған жеке бөлмелер, тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған бөлмелер, жуыну бөлмелер, кір жуатын бөлмелер, интернет-класс ұйымдастырылған.
Қоныстандыру «Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттік жатақханалары туралы Ережесіне» сәйкес жүргізіледі. Университет жатақханаларында орынды объективті бөлу мақсатында орын беру студенттің жеке кабинеті арқылы порталда электронды өтінім беру арқылы жүзеге асырылады.
Жатақханаға орналастыру тәртібі:
Мұқтаж студенттерге университет жатақханасынан орын беру комиссияның шешімі негізінде, ағымдағы оқу жылы ішінде, кезек бойынша төмендегі санаттағы білім алушыларға сәйкес жүзеге асырылады:
- Жетім студенттер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер (растайтын құжаттар болған жағдайда);
- I, II, III топтағы мүгедек студенттер және бала кезінен мүгедек студенттер (мүгедектігі туралы анықтама болған жағдайда).
- Көп балалы отбасынан шыққан студенттер;
- Аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;
- «Мәңгілік Ел жастары-индустрияға!»(«Серпін – 2050»).
Аталған санаттардың ешқайсысына қатысы жоқ студенттерге студенттік жатақханаларда орын кезектілік тәртібімен, қоса берілген құжаттар негізінде беріледі.
Студенттік жатақханада тұру төлемінің мөлшерін қаржы-аналитикалық бөлім белгілейді және университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Жетім студенттерге, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету аясында университет жатақханаларда тегін тұруға құқық береді.
2018-2019 оқу жылында жеңілдік 112 білім алушыға берілді.
2019-2020 оқу жылында бұл жеңілдік 265 білім алушыға берілді.
Студенттік жатақханаларға орналастыру үшін қажетті құжаттар:
Жатақханаға орналасу университет порталында жеке кабинетте электронды өтінім беру арқылы жүзеге асырылады.
Студенттік жатақханадан бөлме (орын) беру туралы электрондық өтінімдерге келесі құжаттар қоса беріледі:
- Студенттің жеке куәлігінің көшірмесі;
- 3 * 4 фото - 4 дана.
- Университет бекіткен калькуляцияға сәйкес төлем;
- Университеттің медициналық орталығынан эпидемиологиялық орта жайлы анықтама.