Foundation

  Мәтінді оқу  

Foundation бағдарламасы - бұл тыңдаушылардың Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларына қарқынды академиялық, ғылыми және тілдік дайындығы.

Стратегиялық мақсат - шетелдік тыңдаушыларды университетке түсуге дайындау, академиялық оқу дағдыларын бейімдеуге және дамытуға көмектесу.

Міндеттері:

  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды және шетел азаматтарын оқыту;
  • ШҚТУ-да академиялық білімге бейімделу және жеке тұлғалық дағдыларды дамыту;
  • Шетелдік білім алушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, оларды өмір салтымен, салт-дәстүрімен, мәдениетімен, білім беру мекемесінің ішкі тәртіп Ережелерімен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және нормативтік актілерімен таныстыру.

Оқыту мемлекеттік грант аясында да, ақылы негізде де мүмкін.

ҚАЛАЙ ОҚУҒА ТҮСУГЕ БОЛАДЫ?

Оқуға қабылдау қағидалары
  • Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау университеттің конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
  • Шетел азаматтарын орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде оқығысы келетін шетел азаматтарының академиялық өміріне бейімделуді үйлестіретін қарқынды тілдік дайындыққа қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау тәртәбі

Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық) интернет-ресурсында электрондық нысанда жүзеге асырылады. Құжаттарды электрондық нұсқада беру мүмкіндігі болмаған кезде, қабылдау қағаз түрінде жүзеге асырылады.

Жоғары  және оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) дайындық бөлімдеріне түсу үшін шетелдіктер, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар Орталық арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;
  3. білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы және мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған сканерленген аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда);
  4. "Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдауды Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы күнтізбелік жылдың 5 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында жүргізеді.


ШҚТУ-да орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде оқығысы келетін шетел азаматтарының академиялық өміріне бейімделуді үйлестіретін қарқынды тілдік дайындыққа шетел азаматтарының құжаттарын қабылдауды университет жүзеге асырады.

Оқуға түсу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

  1. электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;
  3. Білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесін немесе қағаз нұсқасын және мөрдің аудармасын қоса алғанда, сканерленген нотариат куәландырған аударманы (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда);
  4. "Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша Медициналық анықтама";
  5. сотталмағандығы туралы растайтын құжат (анықтама);
  6. психикалық денсаулық туралы медициналық анықтамалар, егу картасының көшірмесі - жіберуші елдің ресми Денсаулық сақтау органымен куәландырылған.       

Құжаттарды онлайн қабылдау  университетпен күнтізбелік жылдың  1маусымы мен 25  қыркүйегі аралығында жүргізеді.

Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар

Университетке жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімі бар шетел азаматтары қабылданады.

Шетелдіктердің, ұлты қазақ адамдардың мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін оқу құқығын университеттің конкурстық комиссиясы айқындайды.

Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау университеттің қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Шетел азаматтарын оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Оқуға қабылдау туралы бұйрықтан кейін талапкер қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқаларын жеке өзі ұсынуы керек.

Университет шетелдік азаматтардан және азаматтығы жоқ адамдардан қосымша құжаттар сұратуға құқылы.

ШҚТУ-ға ұсынылған талапкерлердің барлық құжаттары қайтарылмайды. Ерекшелік жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім немесе жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың немесе оқуды аяқтағаннан кейін немесе университеттен шығарылғаннан кейін қайтарылатын қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы болып табылады
Конкурсты өткізу тәртібі

Конкурстық іріктеуді өткізу үшін ЖОО оқытушылары қатарынан қабылдау комиссиясы құрылады. Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 10-15 қыркүйегі кезеңінде жүргізеді.

Университет өткізетін конкурстық іріктеуден өту кезінде оқуға түсуші жеке басын куәландыратын құжатты және құжатты тіркеу туралы хабарламаны көрсетеді.

Конкурстық іріктеуді өткізу қорытындылары қабылдау комиссиясының хаттамасымен еркін нысанда рәсімделеді және оған төраға және қатысып отырған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

Оқуға қабылдау тәртібі

Қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде тыңдаушыларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Университеттің Foundation дайындық бөлімдеріне қабылдау туралы шешім шығарылады және күнтізбелік жылдың 25 қыркүйегіне дейінгі мерзімде конкурстық іріктеуден өткен шетелдіктерге, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға жеткізіледі.

Тыңдаушылар қатарына қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 25-28 қыркүйегі аралығында жүргізеді.

Оқыту күндізгі және қашықтықтан оқыту нысаны бойынша жүзеге асырылады.

Сабақтар күнтізбелік жылдың 1 қазанынан басталады. Оқу мерзімі 9 айды құрайды.

Қашықтан оқу

Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары үшін қашықтан оқыту:

  1. дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда;
  2. растайтын құжаттарды ұсына отырып, бала туылған кезде, бала үш жасқа толғанға дейін оны асырап алу;
  3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, оқу жылы ішінде тұрғылықты жері бойынша кеткен және шекараның жабылуы, карантин жариялануы себебінен және оларға байланысты емес өзге де мән-жайлар бойынша қайтып оралуға мүмкіндігі жоқ ұлты қазақ адамдар үшін ұсынылады.