Құрметті достар,
Сіздерді Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ресми сайтында мақтанышпен қуана қарсы аламын!
65 жылдан астам тарихы бар біздің университет техникалық білім саласында алдыңғы қатардан орын алады. Осы жылдар бойы металлургия, машина жасау, энергетика және қазіргі уақытта сұранысқа ие басқа да техникалық бағыттарда жоғары білікті мамандар дайындадық.
Сіздер білім шыңын бағындыруға шешім қабылдап, біздің университетті таңдаған кезде жарқын болашаққа жол бастайсыздар. Мұнда сіздер бізбен бірге тек қана армандаған мамандықты қана таңдап қоймай, сонымен қатар әрі қарай сенімді тірегіңіз болатын үздік білім аласыздар. Біз сіздерді өз саласында барынша бәсекеге қабілетті және табысты болуға керекті қажеттіліктеріңізді қамтамасыз етуге ұмтыламыз.
Білім жолының әр қадамында сіздерді қолдауға дайынбыз. Біздің оқытушылар мен қызметкерлеріміз сіздердің жайлы білім алуларыңыз үшін барлық мүмкіндіктерді істейді. Сіздердің академиялық және кәсіби армандарыңызды біз бірге орындай аламыз.
Өздеріңіздің дамып, кәсіби өсіп, жетістіктерге жетулеріңізге шексіз мүмкіндіктерді ашатын университетімізге қош келдіңіздер! Біздің ұйымшыл да шығармашыл отбасымызға сіздердің қосылғандарыңызды асыға күтеміз!
Сіздердің жетістіктеріңіз – біздің мақсатымыз!
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне қош келіңіздер!
Ізгі тілекпен,
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма басшысы – ректор
С.Ж. Рахметуллина