Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Қазақстанға оқу мақсатында келетін шетелдік азаматтарды қарсы алады. Визаға өтінішін тапсыру алдында барлық өтініш білдірушілер оқу бағдарламасына қабылдануы тиіс. Студентке қабылдау туралы хат жіберілгеннен кейін, ШҚТУ оған студенттік виза алу үшін қажетті рұқсат құжаттарын ұсынатын болады.

Барлық шетелдік студенттерге Қазақстанға келу үшін студенттік виза (C9 санаты) қажет. Визаның бұл түрі бір жыл мерзімге беріледі және Қазақстанға көп мәртелік кіруге мүмкіндік береді. Визаны әр жыл сайын ұзартып отыру керек.

  • Иммиграциялық ережелер қысқа мерзімде өзгеруі мүмкін; болашақ келушілерге шықпас бұрын Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (www.gov.kz) қазіргі жағдаймен танысу ұсынылады.
  • Бұл профильде көрсетілген паспорттық-визалық ақпарат әдеттегі паспорт иелеріне қатысты. Дипломатиялық, ресми, арнайы және қызметтік паспорт иелеріне ерекше ережелер қолданылуы мүмкін екенін ескеру қажет.