Аккредиттеу
Аккредитттеу: аккредиттеу органы университеттің тұтастай қызмет сапасын немесе белгілі бір стандарттар мен критерийлерге сәйкестігін мойындау үшін университеттің жеке білім беру бағдарламаларын бағалау үдерісі.
Аккредиттеуден өту мыналарға ықпал етеді:
- білім беру қызметінің сапасын арттыруға;
- сыртқы сарапшылардың ұсынымдарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге;
- университет қызметінің ашықтығы мен айқындығын арттыруға;
- білім алушылардың, жұмыс берушілердің және басқа да мүдделі тараптардың мүдделерін ескеруге;
- сапаны үздіксіз жетілдіру мәдениетін дамытуға;
- білім беру бағдарламаларының ұлттық және халықаралық деңгейде танылуын арттыруға.
Университетте институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу жүргізіледі.
Институционалдық аккредиттеу – мәлімделген мәртебесіне және белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі процестерінің тиімділігін аккредиттеу органының бағалау рәсімі.
Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау рәсімі.
Соңғы өзгерістер күні:27.08.2026