«Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» (ШҚТУ) - Қазақстанның базалық инженерлік ЖОО, Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстанның ірі әкімшілік өнеркәсіптік орталығында орналасқан жаңа білім, инновациялар генерациялау орталығы. Ресей, Қытай және Моңғолия шекараларының түйіскен жерінде орналасқан. Университеттің жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлау бойынша 60 жылдық тарихы бар.

1958 ж.  - Өскемен құрылыс-жол институты (ӨҚЖИ) КСРО Министрлер Кеңесінің 5 тамыздағы № 866 қаулысымен және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 30 тамыздағы № 765 қаулысымен құрылды.

1987 ж. ЖОО-ны аттестаттау алғаш рет өткізілді, бұл оның елдегі жетекші жоғары оқу орындарының арасында берік орнын растады.

1996 ж. - ӨҚЖИ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 7 мамырдағы № 573 қаулысымен Шығыс Қазақстан техникалық университеті болып қайта құрылды.

ЖОО-ның қолдаухаты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 3.11.1997 жылғы № 1485 қаулысымен оған бірінші ректор Дәулет Серікбаевтың есімі берілді.

1999 ж. -  ЖОО жанынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 28.07.1999 жылғы № 340 бұйрығы негізінде колледж құрылды, арнаулы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқыту, оның түлектері университетте оқуын жалғастыра алады.

1999 ж. - университетте, республиканың шығысындағы жалғыз ЖОО-да «ШҚТУ-да әскери кафедра құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 07.09.99 ж. № 1319 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 04.10.99 ж. № 155 бұйрығы, «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да әскери кафедраның ашылуы туралы» 29.10.99 ж. № 247 Д. Серікбаев атындығы ШҚТУ ректорының бұйрығы негізінде әскери кафедра ашылды.

2001 ж. - Д. Серікбаев атындығы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Д.  Серікбаев атындығы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» (ШҚМТУ) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып өзгертілді.

2006 ж. - ШҚТУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізді және сертификатталды. 2006 жылғы 21 наурыздағы № 20688 сәйкестік сертификатын Британдық NQA GLOBAL ASSURANCE компаниясы ИСО 9001:2008 стандартының талаптарына сәйкестігіне берді.

2012 ж. – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.04.2012 ж. №544 қаулысымен «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны болып қайта өзгертілді.

2020 ж. – «Д. Серікбаев атындығы ШҚМТУ» ШЖҚ РМК «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 345 бұйрығы, 24.06.2020 ж. заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік негізінде «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Д. Серікбаев атындығы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ҚР жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізді. 2021 жылдың желтоқсанында университет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің ISO 37001:2016 стандартының талаптарына сәйкестігіне халықаралық сертификаттаудан сәтті өтіп, сертификат алды. IQNet (Quality Austria) сертификаттау белгісі де берілді.

Менеджмент жүйесінің (СМЖ) ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне соңғы қайта сертификаттау аудиті 2022 жылғы 19-21 желтоқсан аралығында сәтті өтті. Аудитті Quality Austria халықаралық сертификаттау органының жетекші аудиторлары жүргізді.

2023 жылғы 18-20 желтоқсан аралығында университетте ISO 9001:2015 халықаралық стандартының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуіне инспекциялық аудиттер өтті.

Аудитті Quality Austria халықаралық сертификаттау органының жетекші аудиторлары жүргізді.

Аудит нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жоқ.