«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Басқарма төрағасы - ректор

 

қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты, MBA


Қабылдау бөлмесінің: 8 (7232) 54-08-89, 8 (7232) 40-12-83

Ұялы телефон: +7 705 186 1368

email: [email protected]

ШҚТУ ректорының блогы

 

Рахметуллина Сауле Жадыгеровна
ӨМІРБАЯН

Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы, 1970 жылы 7 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Верхберезовка ауылында дүниеге келген.

1987 жылы Өскемен қаласындағы Ахмир орта мектебін бітіріп, Ленин комсомолы атындағы Новосібір мемлекеттік университетіне "Механика, қолданбалы математика" мамандығы бойынша оқуға түсті.

1991 жылы университетті бітіріп, "Механика, қолданбалы математика" біліктілігін алды.

1991-1995 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде "Математикалық логика және информатика" кафедрасында оқытушы-тағылымдамашы, оқытушы лауазымдарында жұмыс істеді.

1995 жылдан 2004 жылға дейін Шығыс гуманитарлық институтында жұмыс істеді: "Ақпараттық жүйелер" кафедрасының оқытушысы, "Ақпараттық жүйелер" кафедрасының меңгерушісі, институт бойынша практика жетекшісі, оқу-әдістемелік орталықтың бастығы.

2004 жылдан 2007 жылға дейін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің (ШҚМТУ) аспирантурасында 05.13.06 "Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша өндірістен қол үзіп оқыды. 

2010 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады, ҚР БСҒК шешімі негізінде 2011.02.26 №2 хаттамаға техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2018-2021 жылдары Томск политехникалық университетінің МВА "Жоғары білім берудегі менеджмент" бағдарламасы бойынша оқыды, 2021 жылы қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да төмендергі лауазымдар бойынша жұмыс атқарып келеді:

  • 2007 жылдан 2010 жылға дейін – АЖ кафедрасының аға оқытушысы;
  • 2012 жылдан – математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі;
  • 2015 жылдан – Ситуациялық-талдау орталығының басшысы;
  • 2016 жылдан 2017 жылға дейін – даму стратегиясы және мониторинг Департаментінің директоры;
  • 2017 жылдан 2019 жылға дейін ӨЖЖ жөніндегі проректор;
  • 2019 жылдан 2022 жылға дейін бірінші проректор;
  • 2022 жылдан – Басқарма Төрағасы – Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ КЕАҚ ректоры.

VIII сайланған облыстық мәслихаттың Аманат партиясынан депутаты.

ШҚО облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық жөніндегі тұрақты Комиссиясының төрағасы.

2015 жылы ҚР БҒМ өткізген конкурс нәтижелері бойынша "2014 жылдың үздік оқытушысы" атағына ие болды.

2020 жылы "Халық алғысы" медалімен марапатталған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталған.

Үйленген, екі баласы бар.

БІЛІМІ
2018-2021 Томск политехникалық университеті, «Жоғары білім берудегі менеджмент» МВА
2004-2007 051306 «Технологиялық үдерістермен және өндірістермен автоматтандыру және басқару» мамандығының аспиранты
1991 Ленин комсомолы атындағы Новосібір мемлекеттік университеті
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ
2022 «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы
2022 «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университет» КеАҚ Басқарма мүшесі – даму стратегиясы бойынша проректор
2020-2022 «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КеАҚ бірінші проректордың м.а, Өскемен қ.
2019-2020 Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, бірінші проректор, Өскемен қ.
2017-2019 Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректор, Өскемен қ.
2016-2017 Д.Серікбаеватындағы ШҚМТУ, даму және мониторинг стратегиясы департаментінің директоры, Өскемен қ.
2016 Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ситуациялық-талдау орталығының жетекшісі, Өскемен қ.
2015-2016 Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ақпараттық жүйелер және компьютерлік үлгілеу кафедрасының доценті, Өскемен қ.
2012-2015 Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, математикалық және компьютерлік үлгілеу кафедрасының меңгерушісі, Өскемен қ.
2007-2012 Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісінің орынбасары, Өскемен қ.
2004-2007 051306 «Технологиялық үдерістермен және өндірістермен автоматтандыру және басқару» мамандығының аспиранты
2004 Шығыс гуманитарлық институты, оқу-әдістемелік орталығының бастығы, Өскемен қ.
1995-2004 Шығыс гуманитарлық институты, оқытушы, аға оқытушы, информатика және математика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, оқу-әдістемелік орталығының бастығы, Өскемен қ.
1991-1995 Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, инженер-программист, оқытушы-стажер, оқытушы, Өскемен қ.
МАРАПАТТАРЫ
2020 Медаль «Халық алғысы»
2015 «2014 жылдың ең үздік оқытушысы»