Ph.D докторантурасы

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша құжаттар пакеттерін қабылдау келесі мерзімдерде өткізіледі:

  1. күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін;
  2. күнтізбелік жылдың 28 қазанынан 10 қарашасына дейін

аралығында құжаттар пакеттерін қабылдау, оны Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесінде тіркеу жүргізіледі.

Докторантураға түсу үшін үміткер Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖЖООКБҰ) құжаттарды тапсыру кезінде 1 ЖЖООКБҰ және 1 БББТ-ын (Білім беру бағдарламаларының тобы) таңдайды.

Докторантураға «магистр» дәрежесі бар және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.

Түсу емтихандары келесі мерзімдерде өткізіледі:

  1. күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін;
  2. күнтізбелік жылдың 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін

компьютер форматында Аймақтық тестілеу орталығы базасында өткізіледі.

Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:

  1. күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;
  2. күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін

 

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңының 36 бабына сәйкес ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің 29.07.2020 ж. берген № KZ50LAA00018507 лицензиясы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті докторантураның 5 бағыты бойынша (9 білім беру бағдарламалары) білім беру қызметін жүргізуге құқылы (лицензияға қосымша №KZ50LAA00018507 29.07.2020ж., №KZ50LAA00018507 29.07.2020ж.).

 

ДОКТОРАНТУРАҒА ҚР бойынша 2024-2025 оқу жылына МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС

Даярлау бағытының коды және атауы Білім беру бағдарламасы тобының коды Білім беру бағдарламалары тобының атауы ШҚТУға бөлінген орын саны Мамандандырылған докторантура
8D053-Физикалық және химиялық ғылымдар D090 Физика    
8D054- Математика және статистика   D092 Математика және статистика 1  
8D061- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар D094 Ақпараттық технологиялар 1 1
8D071- Инженерия және инженерлік іс D098 Жылу энергетикасы     1
D100 Автоматтандыру және басқару     1
D103 Механика және металл өңдеу      
D104 Көлік, көліктік техника және технологиялар   1 1
8D072- Өндірістік және өңдеу салалары D117 Металлургиялық инженерия     1
D121 Геология   1 2
   

ШҚМТУ-те философия (PhD) докторларын дайындау келесі көрсетілген құжаттарға сай жүргізіледі:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 23 тамыздағы  №1080 қаулысымен бекітілген  «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Докторантура» (ары қарай МЖМС);
  • Докторантура мамандықтардың типтік жоспары;
  • Академиялық күнтізбе;
  • Докторанттардың жеке оқу жоспарлары;
  • Мамандығының жұмыс оқу жоспарлары;
  • Пәндердің оқу бағдарламалары;
  • Докторанттың жеке жұмыс жоспары.

МЖМС сәйкес (PhD) философия докторларын дайындау докторантурада мемлекеттік білім тапсырысы, оқу мерзімі үш жылдан кем емес және тек күндізгі форма бойынша (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесі берілу арқылы жүзеге асырылады.

Докторантураның білім беру бағдарламалары барлық бағыттары бойынша шетел ғылыми Орталықтары мен оқу ұйымдармен ынтымақтастық туралы келiсiмдер бар. Әрбір мамандық бойынша шетел ғалымдары бірлескен ғылыми және патенттік зерттеулерді жүргізуге қатысады.

PhD докторанттардың диссертациялық зерттеулерінің ғылыми кеңесшілері Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, алыс және жақын шет елдердегі жоғары оқу орындарының ғалымдары болып табылады. Университетте, докторантураның  білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға құқығы бар аккредиттелген шетел жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтармен ғылым және білім саласында ұзақ мерзімді ынтмақтастық келісімдер бар. Атап айтқанда:

  • 6D072300 – Техникалық физика мамандығы бойынша философия докторларын дайындауда біріккен білім бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Отто-фон-Гуэрико атындағы университеттің материалтану және байланыс технологилары институтымен (Магдебург қаласы, Германия, серіктес жоғарғы оқу орны) металлдар мен құймалар физика тармағында, жаңа материалдар және нанотехнологиялар жасауда ынтмақтастық келісімдер бар, ал докторанттардың шетелдік ғылыми кеңесшілер болып инженерия докторлары, профессорлар Шеффлер М. және Мартинек И. жұмыс атқаруда.
  • Клаусталь қаласы техникалық университетімен (Германия), Акита қаласы Ұлтаралық университетімен  (Жапония), Тұңғыш президент Б.Ельниц атындындағы Оралдық Федерелды университетпен (Екатеринбург қаласы, Россия) 6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша доктораттарды дайындауға ШҚМТУ – мен ұзақ мерзімді ынтмақтастық келісімдер бар. Аталған шетел оқу орындарынан докторанттардың ғылыми кеңесшілер болып инженерия докторы, профессор Рыспаев Талант Акимжанұлы, инжинерия докторы, профессор Атсуши Шибаяма, т.ғ.д., профессор Зеленин В.И., т.ғ.д. Мамяченков С.В. тағайындалған.
  • 6D070600 – Геология және пайдалы кенорындарды барлау мамандығы бойынша геология, минерагения, жаңа материалдар мен нанотехнологиялар саласында ғылыми зерттеулерді өткізу Ұлыбритания,  Лондон қаласындағы Тарихи табиғат мұражайымен құрылған ынтымақтастық туралы келiсiмі арқылы жүзеге асса, ал осы аталған Тарихи табиғат мұражайында жұмыс атқаратын PhD докторлар, профессорлар Раймар Селтман және Алла Долгополова ШҚМТУ докторанттарының  шетелдік ғылыми кеңесшілері болып табылады;
  • Люблин техникалық университетімен (Люблин қ., Польша), Карлов университетімен (Прага қ., Чехия), Измир университетімен (Измир қ., Түркия), Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетімен (Украина), Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімі Математика институтымен 6D070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы ынтымақтастық туралы шарт-келісім арқылы жүзеге асырылып жатса, жоғарыда атап өтілген шетелдік жоғарғы оқу орындарында жұмыс істейтін ғалымдар: Dr.hab.inz., профессор Войчик Вальдемар;   PhD докторы, ассоцияланған профессор Пецин Павел; т.ғ.д., компьютерлік инженерия факультетінің профессоры Т.М.Яхно; т.ғ.д., профессор Ю.В.Крак; ф-м.ғ.д., профессор Карчевский А.Л. ғылыми кеңесшілер болып табылады.
  • Фират университетімен (Түркия), Сиена университетінде негізделген «Математикалық логика, информатика және биоинформатика» Мектебімен, Баку мемлекеттік университетінің қолданбалы математика ғылыми-зерттеу институтымен 6D060100 – Математика мамандығы бойынша PhD білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бағытында ынтымақтастық туралы шарт-келісім бар. Бұл университеттер 6D060100 – Математика мамандығы бойынша PhD докторанттарын даярлауда серіктес жоғарғы оқу орындары болып табылады. Жоғарыда аталған шетел оқу орындарынан ШҚМТУ докторанттарының ғылыми кеңесшілері болып Сиена университетінің жетекші ғалым-математигі, PhD докторы А.Сорби, Фират университетінің PhD докторы, профессор Етибар Панахов, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ф.м.-ғ.д.,  профессор Алиев Фикрет Ахмедали оглы болып табылады.
  • 6D071200 – Машинажасау мамандығы бойынша PhD докторларды даярлау үшін  ынтымақтастық келісім Вроцлав политехникалақ университетімен бар.  6D071200 – Машинажасау мамандығының PhD докторанттардың докторлық диссертацияларының ғылыми кеңесшілері - Вроцлав политехникалақ университетінің инженерия докторлары Марек Млынчак, Войцех Виелеба және Ярослав Стрычек.
  • 6D070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша PhD докторларды дайындау Люблин техникалық университетімен (Польша) және Обуда қаласындағы университетімен (Венгрия) жасалған ынтымақтастық келісім-шарт арқылы жүзеге асуда. PhD докторантардың докторлық диссертациясының ғылыми кеңесші - Обуда Университетінің «Альба Региа» Орталығының басшысы Гьорг Гьорок.

«ШҚМТУ хабаршысы» ғылыми журналы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті бекіткен 4 ғылым саласы бойынша, атап айтқанда Техникалық ғылымдар, Құрылыс, Әскери Ғылымдар, Жер туралы бағытта диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін баспаға шығаруға арналған басылымдардың қатарына кіреді.

Жоғарғы оқу орны қабырғасында жыл сайын әртүрлі деңгейдегі: халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі. Онда PhD докторанттар диссертациялық зерттеулерінің мағлұматтарын, сапасын мақұлдауға мүмкіндіктері бар.

Университетте трансмиссиялық және растрлық электрондық микроскоппен, рентгендік дифрактометрмен, әмбебап вакуумдық посттармен, оптикалық микроскоптармен, механикалық сынақтар жүргізу машиналарының кешенімен жабдықталған «VERІТАС» озық қарқынды даму орталығы, «FUTURUM» оқу-өндірістік кешені  жұмыс істейді, осы орталық пен кешен базасында әрбір докторантқа эксперименталдық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Әрбір докторант шетел ғылым және білім ұйымдарында ғылыми іссапардан өту, сонымен бірге ҚР ішіндегі, алыс және жақын шет елдеріндегі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу мүмкіндігіне ие.

Атап айтқанда, техникалық бағыттағы білім беру бағдарламаны оқып жатқан докторанттарға барлық шаралар жасалған: «VERІТАС» озық даму орталығы, «FUTURUM» оқу-өндірістік кешені «VERІТАС» озық қарқынды даму орталығы, «FUTURUM» оқу-өндірістік кешенінде жаңа құрылғыларда эксперементтер жүргізу кестесі бар; олар: электронды микроскоп, жоғары және ультроваккумды құрылғылар, рентгендік дифрактометрлер, әмбебап ваккумды қондырғылар.