Докторантураға түсушілер докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтініш бергенге дейін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясында кеңес алуы қажет. 

(толығырақ https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-doktoranturu/priem-dokumentov-dlya-uchastiya-vo-vstupitelnom-ekzamene-v-doktoranturu/)

 

ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы:
  1. түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша кеңес беруді;
  2. түсу емтиханының рәсімімен таныстыруды;
  3. түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары және Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының докторантурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы (app.testcenter.kz) жүзеге асырылады.

 

Өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
  • күнтізбелік жылғы 3 шілде - 3 тамыз;
  • күнтізбелік жылғы 28 қазан - 10 қараша.

 

ДТЕ өткізу келесі мерзімдерде өткізіледі:
  • күнтізбелік жылғы 4 - 20 тамыз;
  • күнтізбелік жылғы 19 қараша - 11 желтоқсан.

4-20 тамыз аралығында өткізілетін ДТЕ сертификаты күнтізбелік ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.

18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілетін ДТЕ сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.

 

Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
  • күнтізбелік жылғы 15 - 28 тамыз;
  • күнтізбелік жылғы 26 желтоқсан - 10 қаңтар.

 

ДТЕ-ге қатысуға өтініш беру алгоритмі
  • testcenter.kzсайтына немесе UTO.KZ қосымшасына (App Store немесе Play Market арқылы) кіріп, интерфейс тілін таңдау
  • өтініштер беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркелу (Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау міндетті)
  • өтініштерді беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль көрсетілген хатты өшіруге болмайды)
  • ЖСН көрсетіп, «Іздеу» батырмасын басып (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және байланыс телефон нөмірін көрсету
  • «Өтініш беру» бөліміне өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Докторантура» таңдау
  • қажетті емтихан түрін таңдау
  • тіркеу үшін деректерін толтыру
  • ДТЕ өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растау
  • офертамен танысып, келісетінін растау
  • төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасау қажет
  • барлық кезеңдерді сәтті аяқтағаннан кейін «Өтініш сәтті қабылданды!» деген мәлімдеме шығады

 

Берілген өтінішті өзгерту алгоритмі

Берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (емтихан тапсыру қаласын, білім беру бағдарламаларының тобын) өтініш қабылдау аяқталғанға дейін (3 тамызға дейін, 10 қарашаға дейін) түсушіге өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы өзгертілмейді.

  • жеке кабинетке кіру
  • «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту
  • өтінішті ашып, «Өтінішті өндеу» батырмасын басу
  • өзгерістер енгізу
  • түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет

 

Берілген өтінішті жою алгоритмі

ДТЕ-ге қатысудан бас тартқан жағдайда, өтініштерді қабылдау аяқталғанға дейін түсушінің жеке кабинетінде өз өтінішін жоюға мүмкіндігі бар (3 тамызға дейін, 10 қарашаға дейін).

  • жеке кабинетке кіру
  • «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту
  • Өтініншті ашып, «Өтінішті жою» батырмасын басу
  • Өтінішті жоюды растау

 

Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:

1. еркін нысандағы өтініш;

2. білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);

3. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4. шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);

5. шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:

философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:

ағылшын тілін меңгеру бойынша:

  • International English Language Tests System Academic (IELTS Academic), шекті балл кемінде – 5.0;
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT), шекті балл кемінде – 35 балл;
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), шекті балл кемінде – 417;
  • TOEIC (Test of English for International Communication), шекті балл кемінде – 550;
  • Duolingo English Test, шекті балл кемінде – 80;

неміс тілін меңгеру бойынша:

  • Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1)  – В1 деңгейінен төмен емес;
  • TestDaF-Prufung Niveau В1 (TDF Niveau В1) – В1 деңгейінен төмен емес;

француз тілін меңгеру бойынша:

  • Test de Français International (TFI) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
  • Diplome d’Etudes en Langue français (DELF) – В1 деңгейінен төмен емес;
  • Diplome Approfondi de Langue français (DALF) – В1 деңгейінен төмен емес;
  • Test de connaissance du français (TCF) – В1 деңгейінен төмен емес;

Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:

 ағылшын тілін меңгеру бойынша:

  • International English Language Tests System Academic (IELTS Academic);
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT);
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP);
  • TOEIC (Test of English for International Communication);
  • Duolingo English Test;

неміс тілін меңгеру бойынша:

  • Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1);
  • TestDaF-Prufung Niveau В1 (TDF Niveau В1);

француз тілін меңгеру бойынша:

  • Test de Français International (TFI);
  • Diplome d’Etudes en Langue français (DELF);
  • Diplome Approfondi de Langue français (DALF);
  • Test de connaissance du français (TCF);

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (бұдан әрі – қосымша тестілеу) тапсырады.

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалылығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.

6. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

7. 3x4 сантиметр көлеміндегіэлектронды фотосурет;

8. шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбеккодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың (кітапшаның) кадр бөлімімен расталған көшірмесі (көк мөрмен);

9. соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда);

10. зерттеулер жүргізу жоспары;

11. эссе;

12. бейіні бойынша докторантура үшін – кәсіпорын мен ұйымнан ұсыныс хаты;

4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

 

Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға қорытынды баға әңгімелесу, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелерін және кәсіпорындар мен ұйымдардан ұсыныс хаттың болуын қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.

 

Емтиханға төлем жасау

ДТЕ-ге қатысу үшін төлем онлайн өтініш беру кезінде 1 сағат ішінде жүргізіледі.

Төлем тәсілдері:

  • Kaspi.kz қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу арқылы;
  • кез келген банктің картасымен онлайн төлем (Visa, MasterCard).

Емтихан құны 21 072 теңге

Соңғы өзгерістер күні:
29.07.2026