Докторантураға түсушілер докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтініш бергенге дейін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясында кеңес алуы қажет.
ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы:
- түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша кеңес беруді;
- түсу емтиханының рәсімімен таныстыруды;
- түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының докторантурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы (app.testcenter.kz) келесі мерзімдерде:
- күнтізбелік жылғы 3 шілде мен 3 тамыз;
- күнтізбелік жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жүргізіледі.
Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде:
- күнтізбелік жылғы 4 тамыздан 20 тамызға дейін;
- күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
4 мен 20 тамыз аралығы кезеңінде өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.
19 қараша мен 11 желтоқсан аралығы кезеңінде өткізілетін түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.
Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.
Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
- еркін нысандағы өтініш;
- білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
- шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
- International English Language Tests System Academic (IELTS Academic), шекті балл кемінде – 5.0;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT), шекті балл кемінде – 35 балл;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), шекті балл кемінде – 417;
- TOEIC (Test of English for International Communication), шекті балл кемінде – 550;
- Duolingo English Test, шекті балл кемінде – 80;
неміс тілін меңгеру бойынша:
- Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
- TestDaF-Prufung Niveau В1 (TDF Niveau В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
- Test de Français International (TFI) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
- Diplome d’Etudes en Langue français (DELF) – В1 деңгейінен төмен емес;
- Diplome Approfondi de Langue français (DALF) – В1 деңгейінен төмен емес;
- Test de connaissance du français (TCF) – В1 деңгейінен төмен емес;
Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
- International English Language Tests System Academic (IELTS Academic);
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT);
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP);
- TOEIC (Test of English for International Communication);
- Duolingo English Test;
неміс тілін меңгеру бойынша:
- Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1);
- TestDaF-Prufung Niveau В1 (TDF Niveau В1);
француз тілін меңгеру бойынша:
- Test de Français International (TFI);
- Diplome d’Etudes en Langue français (DELF);
- Diplome Approfondi de Langue français (DALF);
- Test de connaissance du français (TCF);
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (бұдан әрі – қосымша тестілеу) тапсырады.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалылығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
- 3x4 сантиметр көлеміндегі электронды фотосурет;
- шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
- соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда);
- зерттеулер жүргізу жоспары;
- эссе;
- Профильдік докторантура үшін – кәсіпорын мен ұйымнан ұсыныс хаты;
4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Докторантураға түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен бірлесіп Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.
Түсуші қосымша тестілеуге және докторантураға түсу емтиханына қатысу үшін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен бірлесіп өтініш береді:
- app.testcenter.kz сайтына кіреді және интерфейс тілін таңдайды;
- өтініш беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркеледі (электрондық поштаға келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);
- түсушінің электронды поштасына жіберілген логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеді (электронды поштаға келген логин мен парольді тестілеуге кіргенге дейін өшірмеу қажет);
- ЖСН көрсетіп іздеу батырмасын басады (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және телефон нөмірін көрсетеді;
- «Өтініш беру» парақшасына өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (Докторантураны)» таңдайды (TOEFL ITP сертификаты бар тұлғаларға «Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді» таңдау қажет);
- «Докторантураға түсу емтиханын» таңдайды;
- «Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураны»/«Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураны» таңдайды;
- тіркеу деректерін толтырады;
- түсуші докторантураға түсу емтиханының өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растайды;
- төлем жасау әдісін таңдап, емтиханға төлем жасайды.
Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.
Түсушілер өз еркімен емтихан тапсыру қаласын таңдайды.
Берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (тестілеу тапсыру қаласын, білім беру бағдарламаларының тобын, тестілеу тапсыру тілін өзгерту) өтініш қабылдау базасы жабылғанға дейін (3 тамызға дейін, 10 қарашаға дейін) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
Ол үшін:
- «Менің тарихым» бетіне өту;
- өтінішті ашып, «Өтінішті түзету» батырмасын басу;
- өзгерістер енгізу;
- түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.
Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған білімберу бағдарламалары тобы өзгертілмейді.
Емтиханды тапсыру пункті, күні мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.
Түсуші емтиханға қатысудан бас тартқан жағдайда
Деректер базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет.
Бұл ретте, тестілеу үшін төленген ақша қаражаты тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейінгі 1 жылға дейінгі мерзімде, келесі құжаттарды ұсынғаннан кейін қайтарылады:
- тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;
- тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;
- жеке куәліктің көшірмесін;
- төлем картасының көшірмесін;
- банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде қайтарылады.
Емтихан үшін төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда өтініш қарастырылмайды.
Ағымдағы жылы құны:
- докторантураға түсу емтиханына қатысу құны 21072 теңгені құрайды.
- ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуге қатысу құны 14162 теңгені құрайды.
Тестілеуге дәлелді себептер бойынша (денсаулық жағдайы бойынша және тізбесі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 1-бабының 13) тармақшасында айқындалған жақын туысының қайтыс болуы) келмеген жағдайда, түсуші ақша қаражатын қайтару үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе 025/у немесе 026/у нысан бойынша медициналық анықтаманы не болмаса жақын туысының қайтыс болғанын және туыстық байланысты растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Өзге анықтамаларды ұсынған жағдайда тестілеуге төленген төлемақы қайтарылмайды.
Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға қорытынды баға әңгімелесу, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелерін және кәсіпорындар мен ұйымдардан ұсыныс хаттың болуын қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.
Соңғы өзгерістер күні:18.07.2025