Серпін

«Мәңгілік ел жастары индустрияға!» - «Серпін - 2050» жобасы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Өскемен қаласында орналасқан.

Жобаға Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатыса алады.

Шығыс шақырады!

ББ тобының коды ББ тобының атауы ББ коды ББ атауы Серпін бағдарламасы бойынша грант саны
6B061 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
B057 Ақпараттық технологиялар 6B06101 Ақпаратық жүйелер 20
6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
6B06103 Математикалық және компьютерлік модельдеу
6B062 – Телекоммуникациялар
B059 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар 6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 10
6B071 - Инженерия және инженерлік іс
В064 Механика және металл өңдеу 6B07109 Медициналық инжиниринг (Медициналық техника) 10
6B07112 Механика және металл өңдеу
B065 Көлік техникасы және технологиялар 6B07107 Көлік, көліктік техника және технологиялар 5
6B072 - Өндірістік және өңдеу салалары
B071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру 6B07201 Металлургия 10
6B07202 Пайдалы қазбаларды байыту
6B07203 Тау-кен ісі
6B07204 Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау
6B073 - Сәулет және құрылыс
B073 Сәулет 6B07301 Сәулет 12
6B07313 Сәулет ортасының дизайны
B074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс 6B07302 Геодезия және картография 20
6B07305 Құрылыс
B075 Кадастр және жерге орналастыру 6B07312 Жер кадастры және жерге орналастыру 10
6B083 - Орман шаруашылығы
B079 Орман шаруашылығы 6B08301 Орман ресурстары және орман өсіру 3
6B086 - Су ресурстары және суды пайдалану
B082 Су ресурстары және суды пайдалану 6B08601 Су ресурстары және суды пайдалану 10


Оқу жылының алғашқы күндерінен бастап «Серпін» бағдарламасының студенттері Д. Серікбаев ат. ШҚТУ қоғамдық өміріне ат салысады.

Олар университеттің шығармашылық клубтарының жұмысына белсенді қатысады: «Жас қаламгер» ақындар клубы, аспаптық ансамбль, «Талант» баспасөз клубы, «Сыр-Сымбат». «JAIDARMAN» байқауына қатысады. 2018 жылы «Престиж жастары» командасы жеңімпаз атанды.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер жыл сайын Тұңғыш Президент күніне арналған ШҚО әкімінің балына, «Жастар Отанға!» жобасына қатысады.

Студенттерге спортта, шығармашылықта, ғылымда өз дарындарын көрсетуге мүмкіндік беретін «Аламан» фестивалі дәстүрлі іс-шара болып табылады. 2018 жылы республикалық фестиваль Көкшетау қаласында өтті, оған инфармациялық технологиялар мектебінің бірінші курс студенті Ебей Жасұлан қатысты.