«Мәңгілік ел жастары индустрияға!»- «Серпін-2050» Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан.
Жобаға Қызылорда, Түркістан және Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының ауыл жастары қатыса алады.
2026 - 2027 оқу жылына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі көрсетілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі
| Білім беру бағдарламалары топтарының атауы | «Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ | |
|---|---|---|
| толық | қысқартылған | |
| БАРЛЫҒЫ | 86 | 0 |
| B064 Механика және металл өңдеу | 4 | |
| B065 Көлік техникасы және технологиялары | 5 | |
| B071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру | 12 | |
| B073 Сәулет | 16 | |
| B074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс | 12 | |
| B126 Көлік құрылысы | 17 | |
| B076 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) | 15 | |
| B082 Су ресурстары және суды пайдалану | 5 | |
Оқу жылының алғашқы күндерінен бастап «Серпін» бағдарламасының студенттері Д. Серікбаев ат. ШҚТУ қоғамдық өміріне ат салысады.
Олар университеттің шығармашылық клубтарының жұмысына белсенді қатысады: «Жас қаламгер» ақындар клубы, аспаптық ансамбль, «Талант» баспасөз клубы, «Сыр-Сымбат». «JAIDARMAN» байқауына қатысады. 2018 жылы «Престиж жастары» командасы жеңімпаз атанды.
Студенттерге спортта, шығармашылықта, ғылымда өз дарындарын көрсетуге мүмкіндік беретін «Аламан» фестивалі дәстүрлі іс-шара болып табылады. 2018 жылы республикалық фестиваль Көкшетау қаласында өтті, оған инфармациялық технологиялар мектебінің бірінші курс студенті Ебей Жасұлан қатысты.
最后更改日期:14.07.2026




