Пәндер бойынша шекті балдар:

  • Қазақстан тарихы – кемінде 5 балл
  • 1-бейіндік пән (1-шығармашылық емтихан) – кемінде 5 балл
  • 2-бейіндік пән (2-шығармашылық емтихан) – кемінде 5 балл
  • Оқу сауаттылығы – кемінде 3 балл
  • Математикалық сауаттылық - кемінде 3 балл

Бейiндiк пәндер:

Университетке түсу ушін шекті балл деңгейі:

  • барлық білім беру бағдарламалары бойынша кемінде 50 балл 

Шығармашылық емтихан туралы:

Шығармашылық білім беру бағдарламаларына түсу үшін ҰБТ - ның екі пәнін-Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығын тапсыру қажет. Университетте 2 шығармашылық емтихан тапсырылады.

Сіз барлық 5 пәнге ҰБТ тапсырып, шығармашылық білім беру бағдарламаларына түсе аласыз. Бірақ, емтиханды бөлек тапсыру керек. Біз тек екі пән мен емтихан бойынша ұпайларды есептейміз.

Барлығы 125 ұпай жинау керек. Ақылы да, грантқа да өту балы – 50-ден кем емес.

Емтихан алдында кеңес беріледі және емтихан уақыты жарияланады.

Толығырақ мына жерде https://ektu.kz/matriculant/creative.aspx

Мемлекеттік грантқа 13.07-20.07 аралығында қалай өтініш беруге болады:

Ол үшін түсу үшін қажетті құжаттар пакетін жинап, оларды сканерлеп, egov.kz. сайты арқылы электрондық өтінім беру қажет немесе қабылдау комиссиясына құжаттармен келіңіз, біздің қабылдау комиссиясының қызметкерлері сізге тіркеуге көмектеседі. Содан кейін нәтижелерді күтіңіз. Нәтижелер әдетте тамыз айының басында жарияланады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Қосымшасы бар орта білім туралы құжат (аттестат) (түпнұсқа + көшірме).
  2. ҰБТ сертификаты.
  3. Жеке куәліктің көшірмесі.
  4. 075-У нысанындағы медициналық анықтама + флюорография суреті.
  5. 063 нысанды медициналық анықтама (денсаулық паспорты).
  6. электрондық форматтағы 3х4 фотосурет
  7. ҚР ҚМ шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік (көшірме) - ер балаларға
Анықтама үшін телефондар:
  • Қабылдау комиссиясы: 8 (7232) 51 08 85
  • WhatsApp: 8 707 285 5012