(бакалавриат, оқу мерзімі 4 жыл)
Білім беру бағдарламалар тобының коды - В057 Ақпараттық технологиялар
Күндізгі бөлім: оқу мерзімі 4 жыл.
Профильдік пәндер:
1 бейінді пәндер - математика, 2 бейінді пәндер - информатика
Берілетін дәреже:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Көлік техникасында интеллектуалды жүйелер мен смарт технологияларды пайдалану және оларға қызмет көрсету іскерліктері мен дағдыларын меңгерген маман даярлау арқылы жасанды интеллектпен көліктік машинажасаудағы "ақылды" бұйымдарының тиімділігін арттыру
Кәсіби қызмет объектісі:
Өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде көлік техникасындағы ақылды жүйелер мен жасанды интеллект жүйелері
Түлектердің кәсіби қызмет саласы:
Жасанды интеллект жүйелерін жобалау және сынау - көліктегі сараптамалық жүйелер;
Көлік техникасындағы жасанды интеллект жүйелерінің техникалық жобасын әзірлеу және оны бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу;
Көлік техникасы мен көліктегі жасанды интеллект жүйелерін жобалау және құру (модификациялау) бойынша инженерлік жұмыстарды орындау.
Мамандық бойыша лауазымдарының тізбесі:
- Жасанды интеллект инженері;
- Қолданбалы бағдарламашы;
- Жасанды интеллект маманы
- Техникалық бақылау бөлімінің бастығы
Кәсіби қызметінің функциялары:
1. Жасанды интеллект инженері;
- Жасанды интеллект жүйелерін енгізу
- Жасанды интеллект жүйелерінің эксперименттік жұмысы және оны жүзеге асыру
2. Қолданбалы бағдарламашы;
- Жасанды интеллект жүйесін әзірлеу және бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу
- Жасанды интеллект жүйелерін жобалау
3. Жасанды интеллект маманы
- Эксперттік жүйелерді жобалау
- Эксперттік жүйелерді әзірлеу процестерін ұйымдастыру
- Эксперттік жүйелерді әзірлеу процестерін басқару
4.Техникалық бақылау бөлімінің бастығы
- Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің жұмысына басшылық жасау
- Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ішкі техникалық бақылау жөніндегі қызмет нәтижелерін ұйымдастыру және бақылау
- Кәсіпорынның автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы стратегиялық басқару
Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін дәреже:
"6B06107 Көліктік машина жасаудағы смарт технологиялар мен жасанды интеллект" білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағдарланған оқыту үшін luban Workshop ("Лу Бань шеберханасы") заманауи инновациялық зертханасы құрылды, ол бүгінде көліктік машина жасаудағы смарт технологиялар және жасанды интеллект, "ақылды" гибридті автомобильдер мен электромобильдер сервисі саласында білікті мамандар даярлай алады.
Лу Бань шеберханасы автомобильдер мен электромобильдердің соңғы үлгілерімен, сондай-ақ ғылымды қажет ететін агрегаттар мен автомобильдердің интеллектуалды жүйелерінің құрылысын, диагностикасы мен қызметін зерттеу бойынша оқыту платформаларымен жабдықталған.
Базалық және кәсіптік пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізу үшін оқытушылар шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарда екі рет тағылымдамадан өтті. Олардың ішінде 3 ғылым кандидаты, 4 PhD докторы және 6 магистр бар.
Түлектердің «Көлік, көліктік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша ШҚТУ магистратурасында оқуын жалғастыру мүмкіндігі бар.
Қосымша сілтемелер: