6B07304 - Автомобиль жолдарын жобалау және құрылысы

Дайындау деңгейі: Бакалавриат

Бағдарламаның өзектілігі:

Жол саласының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі автомобиль жолын жобалау мен салудың әдіснамасы мен технологиясын жетілдіру болып табылады. Осыған байланысты есепті негіздеу әдістерін қоса алғанда, жол құрылысы салаларында ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруда, оның ішінде әмбебап және мамандандырылған бағдарламалық-есептеу кешендерін және автомобиль жолдарын автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдалана отырып, практикада машықтар мен біліктерді пайдалана отырып, автомобиль жолдарын жобалау және салу қажет.

Халықаралық серіктес-ЖОО:

  • Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университеті, Мәскеу, РФ
  • Сібір мемлекеттік қатынас жолдары университеті, Новосибирск қаласы, РФ

Бизнес-серіктес:

  • Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
  • BI GROUP, Қазақстан
  • Жол-құрылыс компаниялары
  • «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ ШҚОФ
  • «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шығыс Қазақстан филиалы

Оқыту тілі: орыс, қазақ

ББ мақсаты:

  • Жол құрылысының әртүрлі салаларындағы жобалау және құрылыс қызметіне түлектерді дайындау;
  • Жол құрылысы материалдары мен бұйымдарын жобалау, салу, жасау және өңдеу кезінде инновациялық әдістерді әзірлеумен байланысты міндеттерді шешуде ғылыми зерттеулерге дайын түлектерді дайындау.

Түлектің құзыреттілік моделі:

  • Автомобиль жолдарының элементтерін есептеудің стандартты әдістерін қолдана білу;
  • Жобалық-конструкторлық жұмыстарды орындау;
  • Стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес, оның ішінде автоматтандырылған жобалау құралдарын пайдалана отырып жобалау және технологиялық құжаттаманы ресімдеу;
  • Ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені жүйелі зерттеуге, патенттік зерттеулер жүргізуге негізделген жол саласының зерттеу қызметінің базалық әдістерін пайдалана отырып, инновациялық жобалармен жұмыс істеуге қатысу қабілеті;
  • Берілген әдістемелер бойынша нәтижелерді өңдеумен және талдаумен эксперименттер жүргізу, пайдаланылатын материалдар мен жол құрылысының дайын бұйымдарының физикалық-механикалық қасиеттері мен технологиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша стандартты сынау әдістерін қолдана білу.

Бағдарламаның материалдық базасы:

  • Автомобиль жолдары және топырақ механикасы зертханаларындағы құрылыс технологиясы мен материалдар секторы;
  • FUTURUM оқу-өндірістік орталығы;
  • Автожолдардың сапасын бақылаудың ұтқыр және тұрақты зертханалары.

Ақпараттық ресурстар:

  • өңдеуге арналған «Титул 2005» бағдарламасы;
  • BIM-жобалаумен байланысты Revit және басқада бағдарламалар;
  • AutoCAD (Компас);
  • SCAD және басқалар.

ББ-ның жетекші лекторлары:

  • Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университетінің жетекші оқытушылары, Мәскеу, РФ;
  • Сібір мемлекеттік қатынас жолдары университетінің жетекші оқытушылары, Новосибирск қ., РФ;
  • Сәулет, құрылыс және дизайн мектебінің, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың жетекші оқытушылары;
  • Жол саласында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жетекші мамандар.

Білім алушылардың тағылымдамалары:

  • Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университеті, Мәскеу, РФ
  • Сібір мемлекеттік қатынас жолдары университеті, Новосибирск қаласы, РФ

Өндірісте сабақтар өткізу

Оқу процесіне инновациялық технологиялар элементтерін әзірлеу және енгізу мақсатында 6В07304 «Автомобиль жолдарын жобалау және салу» ББ-сы белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы серіктес кәсіпорындарында дәріс және практикалық сабақтар өткізіледі (филиалдар - «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ ШҚОФ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шығыс Қазақстан филиалы).

Геодезиялық тәжірибе

ББ 6В07304 «Автомобиль жолдарын жобалау және салу» білім алушыларының оқу-өндірістік (геодезиялық) тәжірибесінен өту үшін өз жұмысын жаңғыртқан, жаңадан салынған, қуатты дизайнерлік қайта жүктеуден өткен ШҚМТУ «Простор» жазғы экспедициялық кампусы қарсы алады.

Мемлекет басшысының Жастар жылы аясында қойған тапсырмаларын орындау барысында университет толық және жайлы оқу үшін барлық жағдай жасайды.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің басты артықшылықтарының бірі - инженерлік кадрларды дайындауда практикалық-бағытталған тәсіл болып табылады. Қазіргі білім беру талаптарына сәйкес дәстүрлі академиялық акцент кәсіпкерлік және инновациялық қызмет тәжірибесін қалыптастыру жағына қарай ауысуда. «Простор» жазғы экспедициялық кампусының рөлі университеттің тиісті бағыттары бойынша далалық жағдайда тәжірибелік құзыреттілікті бекітуге арналған және жазғы семестрде жаңа курстар өткізуге, курстық, дипломдық жобалар үшін материалдар жинауға мүмкіндік береді.

Өндірістік тәжірибе

Өндірістік практикадан өту кезінде ББ 6В07304 "Автомобиль жолдарын жобалау және салу" мамандығының студенттері профильді мамандану бойынша жұмыс істей отырып, олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда қолдау болып табылатын дағдыларға ие болады, оқу процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуге, практикалық құзыреттілікті және кәсіби қызмет тәжірибесін алуға ықпал етеді, ал бұдан әрі – бұл жұмысқа орналасу мәселелерін шешуде үлкен көмек көрсетеді.

Осы мамандықтың түлектері жол саласының бірқатар кәсіпорындарының басшылары болып табылады, мысалы - Жумадилов Н.С. – «Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» басшысы, Ахметов О.С. -  «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ ШҚОФ директорының орынбасары, Аязбаев Е.А.- «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шығыс Қазақстан филиалы директоры.

Мамандар жәрмеңкесі

6В07304 «Автомобиль жолдарын жобалау және салу» ББ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жыл сайын «Студенттер жәрмеңкесі» өткізіледі, оған ШҚМТУ-мен ынтымақтасатын жол саласының кәсіпорындарының өкілдері шақырылады. Олар: «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ ШҚОФ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шығыс Қазақстан филиалы, сондай-ақ «Катон-Қарағай ПДУ» ЖШС, «КазахАвтоДор» ЖШС ШҚОФ, «КазДорПроект» ЖШС және т. б.