6B06101 - Ақпаратық жүйелер

Оқу мерзімі:

  • 3 жыл, 2 жыл (орта кәсіптік білім негізінде)
  • 2 жыл (жоғары инженерлік білім негізінде)
  • 3 жыл (жоғары инженерлік емес білім негізінде)

ҰБТ бейіндік пәндері: математика және информатика

Берілетін дәреже: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры

Бағдарлама туралы

«Ақпараттық жүйелер» — заманауи ақпараттық технологияларды меңгергісі, бағдарламалық шешімдер әзірлеуді үйренгісі және кәсіпорындар мен ұйымдарға деректерді тиімді басқаруға, процестерді автоматтандыруға және бизнестің нақты міндеттерін шешуге көмектесетін жүйелер жасағысы келетіндерге арналған білім беру бағдарламасы.

Бағдарлама ақпараттық технологиялар саласындағы іргелі дайындықты ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу бойынша практикалық дағдылармен ұштастырады. Студенттер бағдарламалауды, деректер базаларымен жұмыс істеуді, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің заманауи технологияларын және кәсіпорындардың ақпараттық жүйелерін меңгереді.

Корпоративтік ақпараттық жүйелерді жобалауға, өндірістік және бизнес-процестерді цифрландыруға, ақпараттық шешімдердің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ алған білімді практикада қолдануға ерекше көңіл бөлінеді.

Бағдарлама Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында жұмыс істеуге және халықаралық IT-ортада кәсіби дамуға қабілетті сұранысқа ие IT-мамандарды даярлауға бағытталған.

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Ұлттық және өңірлік IT-нарықтың міндеттерін шешу, сондай-ақ әлемдік IT-бизнес жағдайына кірігу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу саласында мамандар даярлау.

Кәсіби қызмет объектісі:

Ақпараттық процестер, технологиялар, жүйелер мен желілер, оларды аспаптық (бағдарламалық, техникалық, ұйымдастырушылық) қамтамасыз ету, сондай-ақ әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдардың, өнеркәсіп пен бизнестің қызметінде ақпараттық технологиялар мен жүйелерді жобалау, жөндеу, өндіру және пайдалану тәсілдері мен әдістері.

Кәсіби қызмет саласы:

  • әртүрлі мақсаттағы ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу;
  • корпоративтік ақпараттық жүйелерді басқару, IT-жобаларға жетекшілік ету;
  • өндірісті цифрландыру, міндеттерді қою, ақпараттық жүйелердің жұмыс қабілетін қолдау және сапасын басқару мәселелерін шешу.

Оқу барысында студенттер мыналарды үйренеді:

  • Бағдарламалау және қосымшалар әзірлеу — заманауи бағдарламалау тілдерін, объектіге бағытталған бағдарламалауды және веб-әзірлеу технологияларын пайдаланып бағдарламалық өнімдер жасау.
  • Ақпараттық жүйелерді жобалау және енгізу — талаптарды талдау, бизнес-процестерді модельдеу, кәсіпорындар мен ұйымдарға арналған ақпараттық жүйелерді әзірлеу және сүйемелдеу.
  • Деректер базаларымен жұмыс істеу — деректер базаларын жобалау, құру және әкімшілендіру, ақпаратты сақтауды, өңдеуді және тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
  • Корпоративтік ақпараттық жүйелерді әзірлеу — бизнес-процестерді автоматтандыруға, ресурстарды басқаруға және кәсіпорын қызметін ақпараттық қамтамасыз етуге арналған шешімдер жасау.
  • Жасанды интеллект пен деректерді талдауды қолдану — қолданбалы міндеттерді шешу және шешім қабылдауды қолдау үшін ақпаратты өңдеу мен талдаудың заманауи әдістерін және зияткерлік технологияларды пайдалану.
  • Веб- және мобильді қосымшалар жасау — веб-технологиялар мен қосымшаларды жобалау құралдарын пайдаланып заманауи цифрлық сервистер әзірлеу.
  • Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету — ақпаратты қорғау технологияларын қолдану, деректердің сенімділігі мен тұтастығын және ақпараттық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.
  • IT-жобаларды әзірлеу мен басқарудың заманауи құралдарын қолдану — DevOps тәжірибелерін пайдалану, командалық әзірлеуге, бағдарламалық шешімдерді тестілеуге, енгізуге және сүйемелдеуге қатысу.

«6B06101 – Ақпараттық жүйелер» ББ түлектері мынадай лауазымдарда жұмыс істей алады:

  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы;
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету дизайнері;
  • Инженер-бағдарламашы;
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу жөніндегі маман
  • IT-инфрақұрылым архитекторы;
  • Ақпараттық технологиялар инфрақұрылымының инженері;
  • Жүйелік әкімші;
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу жөніндегі маман;
  • Қолданбалар бағдарламашысы;
  • Жасанды интеллект инженері;
  • Деректер базасының әкімшісі.

Серіктес кәсіпорындар:

  • «1С-Рейтинг» ЖШС;
  • «Rating» ЖШС;
  • «Лучшие информационные технологии» ЖШС;
  • «Қазмырыш» ЖШС;
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ;
  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ;
  • «Біріккен энергосервистік компания» АҚ;
  • «Востокмашзавод» АҚ және басқалар.
Студенттер халықаралық ғылыми-зерттеу конкурстарына, WorldSkills ұлттық чемпионатының «Бизнеске арналған IT-шешімдер» құзыреттілігі бойынша сайыстарына белсенді қатысады.

Республикалық пәндік олимпиадалар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы нәтижелері бойынша студенттер жүлделі орындарға ие болып, өңірлік және республикалық деңгейдегі бітіру біліктілік жұмыстары конкурстарына қатысады.

Студенттер Huawei халықаралық сертификаттарын алып, жетекші университеттердің жазғы мектептерінде білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Академиялық ұтқырлық:

Соңғы 5 жылда ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында:

  • 19-ИСК-1 тобының студенті Кенжахметов Е.К. Люблин технологиялық университетінің электроника және компьютерлік ғылымдар факультетінде (Польша) 01.10.2021–24.02.2022 аралығында білім алды
  • 23-ИС-2 тобының студенті Ағзамова Елдана Obudai EGYETEM Universitas Budensis университетінде (Венгрия) 02.09.2024–08.02.2025 аралығында білім алды
  • 23-ИС-2 тобының студенті Богатикова Елизавета Brandenburg University of Technology университетінде (Германия) 01.10.2025–01.03.2026 аралығында білім алды
  • 23-ИС-1 тобының студенті Абдулгазимов Тимур Multimedia Nusantara University университетінде (Джакарта, Индонезия) 24.08.2026–22.12.2026 аралығында білім алуда
  • 24-ИС-1 тобының студенті Красиков Егор Multimedia Nusantara University университетінде (Джакарта, Индонезия) 24.08.2026–22.12.2026 аралығында білім алуда
  • 23-ИС-1 тобының студенті Барсуков Александр Қырғыз-Түрік «Манас» университетінде (Бішкек, Қырғызстан) 02.09.2026–31.12.2026 аралығында білім алуда

Білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін білім алушыға «6B06101 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер ШҚТУ-дың «7M06101 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада оқуын жалғастыра алады.

Пайдалы сілтемелер:
Соңғы өзгерістер күні:
19.10.2026