6B06108 – «Математикалық модельдеу және ЖИ-аналитика»

Оқу мерзімі: 4 жыл

ҰБТ бейіндік пәндері: математика және информатика

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Бағдарлама туралы

«Математикалық модельдеу және ЖИ-аналитика» білім беру бағдарламасы математикалық және компьютерлік модельдеу, деректерді талдау, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласында жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.
Бағдарлама іргелі математикалық дайындықты, заманауи IT-технологияларды және зияткерлік жүйелерді әзірлеудің практикалық дағдыларын үйлестіреді, бұл түлектерге ғылым, өнеркәсіп, бизнес және мемлекеттік сектордағы қолданбалы есептерді сәтті шешуге мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты: қоғам, мемлекет және бизнестің қажеттіліктеріне сай талдау, болжау, модельдеу және қолданбалы есептерді шешуге қабілетті ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандар даярлау.

Оқу барысында студенттер меңгереді:
  • математикалық модельдерді және процестердің цифрлық симуляцияларын әзірлеуді;
  • жасанды интеллект және машиналық оқыту әдістерін;
  • үлкен деректер көлемін талдауды, өңдеуді және визуализациялауды;
  • Python және басқа заманауи тілдерде бағдарламалауды;
  • оңтайландыру және болжау әдістерін;
  • зияткерлік ақпараттық жүйелерді әзірлеуді;
  • компьютерлік модельдеу технологияларын;
  • экономика, өнеркәсіп, экология, медицина және IT саласындағы қолданбалы есептерді шешу үшін цифрлық технологияларды қолдануды;
  • заманауи есептеу жүйелері мен аналитикалық платформалармен жұмысты.
Кәсіби қызмет саласы

6B06108 – «Математикалық модельдеу және ЖИ-аналитика» білім беру бағдарламасының түлектері ақпараттық технологиялар, математикалық және компьютерлік модельдеу, деректерді талдау, жасанды интеллект, цифрлық аналитика және зияткерлік ақпараттық жүйелерді әзірлеу саласында кәсіби қызмет жүзеге асырады.
Мамандар мыналарда сұранысқа ие:

  • IT-компанияларда және цифрлық орталықтарда;
  • өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындарда;
  • ғылыми-зерттеу институттарында;
  • қаржы және банк ұйымдарында;
  • сақтандыру компанияларында;
  • мемлекеттік және құқық қорғау құрылымдарында;
  • білім беру және ғылыми мекемелерде;
  • математикалық модельдеу, деректерді талдау және жасанды интеллект әдістерін пайдаланатын ұйымдарда.

 

Түлектердің мансаптық мүмкіндіктері

Білім беру бағдарламасының түлектері мынадай лауазымдарда жұмыс істей алады:

  • Data Analyst;
  • Data Scientist;
  • AI/ML Engineer;
  • деректер аналитигі;
  • жасанды интеллект маманы;
  • математик-модельдеуші;
  • IT-аналитик;
  • бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі;
  • зияткерлік жүйелер әзірлеушісі;
  • цифрлық аналитика маманы;
  • деректерді талдау және ЖИ саласындағы зерттеуші.
Серіктес кәсіпорындар

Білім беру бағдарламасының студенттері аймақ пен елдің жетекші ұйымдарында оқу, өндірістік және дипломалды практикадан сәтті өтеді:

  • Қазмырыш
  • ҚР ҰЯО Атом энергиясы институты
  • ӨКТМК
  • ШҚО Полиция департаменті
  • ҚР ІІМ ШҚО ТЖД өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
  • ШҚО ІІД Жол полициясы басқармасы
  • «Рейтинг» ЖШС
  • «Status Medical Center» ЖШС

Серіктес кәсіпорындармен ынтымақтастық студенттерге практикалық тәжірибе алуға, нақты жобаларға қатысуға, деректерді талдау мен жасанды интеллекттің заманауи технологияларын меңгеруге, сондай-ақ еңбек нарығындағы бәсекеқабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Студенттердің жетістіктері

Академиялық ұтқырлық:

ҚРБҒМ қаржыландыратын академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде:

  • 22-МК-1 тобының студенткесі Доқанова А.Е. 09.02.2026 жылдан бастап Венгриядағы Obuda University-де оқып жатыр.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде:

  • 20-МК-1 тобының студенті Бектас Ж.Б. 04.09.2023 жылдан 31.12.2023 жылға дейін Астана қаласындағы «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет» ҰАО-да оқыды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы:

Білім беру бағдарламасының студенттері ғылыми және жобалық қызметке белсенді қатысады:

  • республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық конференцияларға баяндамалар дайындау;
  • байқаулар, көрмелер және хакатондарға қатысу;
  • IT және жасанды интеллект саласындағы стартап-жобаларды әзірлеу.

Біздің студенттеріміз Start-up жобаларына белсенді қатысады

ҚР ЖОО СҒЗЖ Республикалық байқауының қорытындысы бойынша біздің студенттеріміз жүлделі орындарды иеленеді. ФОТО

Байқаулар мен жобаларға қатысу

Білім беру бағдарламасының студенттері 2022 жылы ядролық технологиялар мен IT-құзыреттер саласындағы «ХАКАТОМ-ТМД» студенттік байқауында 1-орынды иеленді, 2024 жылы Росатом Мемлекеттік корпорациясы қаржыландыратын REPEAT бағдарламалық жасақтамасын пайдалана отырып математикалық модельдеу және ядролық технологиялар саласындағы «ХАКАТОМ ҚАЗАҚСТАН 2024» студенттік байқауында 2-орынды иеленді.

  • Кафедрадағы СҒЗЖ үйірмелері
  • Жан-жақты дамыту:
    Рейтингтік агенттік терді бағалау:
    • 2016 жыл– ҚР АРТА бағалауы бойынша 3 орын;
    • 2017 жыл– ҚР АРТА бағалауы бойынша, 3 орын;
    • 2018 жыл – ҚР АРТА бағалауы бойынша, 3 орын;
    • 2018 жыл– ҚР РРА бағалауы бойынша, 2 орын;
    • 2018 жыл– ҚР КҰП «АтаМекен», 1 орын;
    • 2024 жыл – ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП бағалауы бойынша, 2-орын;
    • 2025 жыл – ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП бағалауы бойынша, 5-орын;
    Бағдарламаның артықшылықтары
    • математика, IT және жасанды интеллекттің үйлесімі;
    • практикаға бағытталған оқыту;
    • заманауи цифрлық технологиялар және аналитикалық платформалар;
    • ғылыми және қолданбалы жобаларға қатысу;
    • академиялық ұтқырлық мүмкіндігі;
    • еңбек нарығында түлектерге деген сұраныс;
    • цифрлық экономика және AI индустриясы үшін мамандар даярлау.
    Пайдалы сілтемелер:
    Соңғы өзгерістер күні:
    28.05.2026