Білім беру бағдарламасы 6В07119 «Атом электр станциясын пайдалану» 2025 жылдың көктемінде IAIE (МАГАТЭ) сарапшыларымен бірлесе әзірленді.
6В07119 «Атом электр станциясын пайдалану» білім беру бағдарламасы білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды, білім мазмұнын және олардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемін айқындайды.
Бағдарламаның мақсаты: Жылуэнергетикалық және электроэнергетикалық үдерістер мен ядролық энергетикалық қондырғыларға қатысты жүйелер саласында атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ете алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім алушылардың ядролық энергетика, радиациялық қауіпсіздік, инженерлік жүйелер мен атом электр станциялары технологиялары саласында терең білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Арнайы назар АЭС жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және сенімділікті талдау бойынша тәжірибелік дағдыларды дамытуға аударылады.
Бағдарлама түлектері атом энергетикасы саласында қауіпсіздік пен экологиялық жауапкершілікке жоғары талаптар қойылған жағдайда инженерлік және ұйымдастырушылық міндеттерді тиімді шеше алады.
Соңғы өзгерістер күні:
06.11.2025