6B07302 - Геодезия және картография

  Мәтінді оқу  

Бейіндік пәні - математика.

Таңдау бойынша тестілеу пәні - физика.

Геодезия және картография – құрылыс алаңында әртүрлі инженерлік есептеулерді шешумен; материктердің жылжуын және жер қабатының өзгеруін байқаумен; әртүрлі  сандық түріндегі карталар мен картографиялық проекцияларды дайындау және құрумен; жер бетіндегі жеке нүктелердің координаталарын анықтаумен айналысатын ғылымдар.

Геодезистердің қызмет өрісі технологиялардың дамуына байланысты айтарлықтай кеңейді. Мамандардың білімдері мен іскерліктері ғаламдық та, оқшау масштабта да қолданылады: ғарыштық зерттеулер, жобалау, құрылыс, инженерлік құрылысты пайдалану, деформацияларды бақылаудың геодезиялық қамтамасыз ету, электронды карталарды, атластарды, жоспарларды әзірлеу, ұшқышсыз ұшу аппараттарынан түсірісті орындау.

Бакалавриат түлектерін жұмысқа орналастыру 2023 жылы 98% құрады.

Заманауи геодезиялық жабдықтар мен геодезиялық

жерге орналастыру және кадастрлық ақпаратты автоматтандырылған өңдеу құралдарын пайдалану арқылы әртүрлі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауда білімін, іскерлігін және дағдыларын сәтті үйлестіріп, кәсіби жағдайларда функционалдық сауаттылық пен бәсекерге қабілеттілікті көрсете алатын, жоғары білікті маман даярлау.

Оқыту тілдері: орыс, қазақ

Қызмет саласы:түлектер топографиялық-геодезиялық кәсіпорындарда, аудандық (қалалық) сәулет және қала құрылысы бөлімдерінде, геодезиялық, картографиялық жұмыстарды орындауға лицензиясы бар ұйымдар мен жеке кәсіпорындарда инженер-геодезист, техник геодезист, геодезист-картограф, маман ретінде жұмыс істей алады.

Барлық білім беру бағдарламалар бойынша 1, 2 курстарда оқитын студенттерге «Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстардағы 2, 3-ші разрядты өлшеуші» деген мамандық беріледі. Студенттер білікті маман болып кәсіпорындарда жұмыс істеу мүмкіндігін алады. 

Серіктестер

«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы, «ГЕОСАТ» ЖШС, «Алтай геосервис» ЖШС, «PROJECT STUDIO» ЖШС, «PRECISION MEASUREMENTS» ЖШС , «Геомастер» ЖШС Өскемен» және т.б.

Халықаралық серіктес университет: Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университеті

Студенттер Ресей Федерациясы, Новосібір қаласындағы Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университетінде бірлескен тәжірибеден өтуге мүмкіндігі бар.

Оқу іс-тәжірибе Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы "Простор" жазғы экспедициялық лагерінде, өндірістік іс-тәжірибе қаланың, облыстың, Қазақстанның өндірістік кәсіпорындары базасында жүргізіледі.

Басқа елді мекеннен келген студенттер үшін жатақхана беріледі. Студенттерге әскери кафедрада оқып, офицерлік атақ беріледі.

Оқу бітіргеннен кейін БББ бойынша техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Бакалавриат бітіргеннен кейін түлектер 7М07302 "Геодезия" білім беру бағдарламасы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ МАГИСТРАТУРАСЫНДА оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Білім беру бағдарламасын іске асыру кезінде білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту міндетті болып табылады. Студенттердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда үнемі жарияланып отырады. Студенттер студенттік ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен студенттердің республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді қатысады.

Ресей, Германия, АҚШ, Чехия, Өзбекстан және басқа да жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста. Шетелдік ғалымдар дәріс оқиды, зертханалық және практикалық сабақтар өткізеді.

  • Шульц Роман-техника ғылымдарының докторы, Киев ұлттық құрылыс және сәулет университеті.
  • Levin Evgueny -PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Мичиган технологиялық университеті, АҚШ.
  • Konecny Milan -PhD докторы, Масарик университеті, Брно, Чехия. Metzner Martin-PhD докторы, Штутгарт университеті, Германия.
Студенттік өмірі

"Геодезия және картография" ББ студенттері мектеп пен университеттің мәдени, спорттық, патриоттық өміріне белсенді қатысады.