6B06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

  Мәтінді оқу  

Күндізгі бөлім: 4 жыл.

Профильдік пәндер: 1 бейінді пәндер - математика, 2 бейінді пәндер - информатика

Берілетін дәреже: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бакалавры

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Есептеу техникасын қолдануымен бағдарламалық қамтаманы әзірлеу мен ендіру үшін желілік әкімшілік ету сферасы, архитектураны жобалау, аппаратты-бағдарламалық кешендер мен жүйелердің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтама элементтері бойынша дағдылары мен білімдері бар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындау

Кәсіби қызмет саласы:

Әр түрлі салаларда есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтаманы әзірлейтін, ендіретін және пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

Кәсіби қызмет объектісі:

  • есептеу техникасы құралдарын бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • есептеуіш машиналар, кешендер, жүйелер мен желілер;
  • желілерді әкімшілендіру;
  • деректерді өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері;
  • бағдарламалық кешендер мен жүйелер;
  • аппараттық-бағдарламалық кешендер;
  • мобильді қосымшалар;
  • ақпараттық қауіпсіздікті қорғау әдістері.

Кәсіби қызметінің функциялары:

  • жобалау-конструкторлық қызмет: жобалық және жұмыс техникалық құжаттамасын әзірлеу және ресімдеу; әзірленетін жобалар мен техникалық құжаттаманың стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылау;
  • жобалау-технологиялық қызмет: бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу кезінде заманауи аспаптық құралдарды қолдану; кәсіби қызмет нысандарын жобалау мен зерттеудің заманауи бағдарламалық-әдістемелік кешендерін игеру және қолдану;
  • өндірістік-технологиялық қызмет: ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің компоненттерін құру, берілген сападағы бағдарламалар мен бағдарламалық кешендердің өндірісі; аппараттық-бағдарламалық кешендерді тестілеу және жөндеу;
  • сынақ бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеу, кәсіби қызмет объектілеріне сынақ жүргізу;
  • инновациялық қызмет: стратегиялық жоспарлауды АКТ, кәсіпорындар мен ұйымдардың инфрақұрылымымен келісу.
  • ұйымдастыру-басқару қызметі: жұмыс орындарын, олардың техникалық жабдықтауын ұйымдастыру, компьютерлік жабдықтарды орналастыру;
  • ғылыми-зерттеу қызметі: - зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін ендіруге қатысу.
  • монтаждау-реттеу қызметі, сервистік-пайдалану қызметі:

Мамандық бойыша лауазымдарының тізбесі:

Жүйелік-талдаушы; бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы; бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу бойынша маман; деректер қорының әкімшісі; бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы, мобильді қосымшаларды әзірлеуші; деректер қорын сүйемелдеу жөніндегі инженер, деректер қорын басқару жөніндегі маман (деректер қорының әкімшісі); АТ саласындағы бизнес-талдаушы, бағдарламашы-талдаушы.

Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін дәреже:

"6B06102 -  Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры

Түлектердің «7M06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ШҚМТУ магистратурасында оқуларын жалғастыруға мүмкіндік бар.

Қосымша сілтемелер