Білім беру бағдарламасы
Толығырақ
Код – Мамандық | 6B06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамаcсыз ету | ||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Есептеу техникасын қолдануымен бағдарламалық қамтаманы әзірлеу мен ендіру үшін желілік әкімшілік ету сферасы, архитектураны жобалау, аппаратты-бағдарламалық кешендер мен жүйелердің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтама элементтері бойынша дағдылары мен білімдері бар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындау |
||||||||||||||||||||||||||
Түлек моделі | |||||||||||||||||||||||||||
Түлектің біліктілік сипаттамасы |
Мамандар лауазымдарының тізбесі:
Әр түрлі салаларда есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтаманы әзірлейтін, ендіретін және пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар. |
||||||||||||||||||||||||||
Кәсіби қызмет объектісі:
- есептеу техникасы құралдарын бағдарламалық қамтамасыз ету; - есептеуіш машиналар, кешендер, жүйелер мен желілер; - желілерді әкімшілендіру; - деректерді өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері; - бағдарламалық кешендер мен жүйелер; - аппараттық-бағдарламалық кешендер; - мобильді қосымшалар; - ақпараттық қауіпсіздікті қорғау әдістері. |
|||||||||||||||||||||||||||
Кәсіби қызмет түрлері:
- жобалау-конструкторлық; - жобалау-технологиялық; - өндірістік-технологиялық; - ұйымдастырушылық - басқарушылық қызмет; - ғылыми-зерттеу; - инновациялық; - монтаждық-келтірушілік; - сервистік-пайдалану. |
|||||||||||||||||||||||||||
Кәсіби қызметінің функциялары:
1) Жобалау-конструкторлық қызмет: - жобалау объектісін жобалау алдындағы зерттеу (инжиниринг), пәндік саланы жүйелі талдау, олардың өзара байланысы; - техникалық жобалау (реинжиниринг); - бағдарламалық және аппараттық құралдарды жобалау; - жобалық және жұмыс техникалық құжаттамасын әзірлеу және ресімдеу; - әзірленетін жобалар мен техникалық құжаттаманың стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылау; - жобалардың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізу. 2) Жобалау-технологиялық қызмет: - бағдарламалық қамтаманы әзірлеу кезінде заманауи аспаптық құралдарды қолдану; - клиент/сервер жүйелерінде алыстан қатынауды жүзеге асыруда және үлестірілген есептеулерде Web-технологияларды қолдану; - кәсіби қызмет нысандарын жобалау мен зерттеудің заманауи бағдарламалық-әдістемелік кешендерін игеру және қолдану. 3) Өндірістік-технологиялық қызмет: - ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің компоненттерін құру, берілген сападағы бағдарламалар мен бағдарламалық кешендердің өндірісі; - аппараттық-бағдарламалық кешендерді тестілеу және жөндеу; - сынақ бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеу, кәсіби қызмет объектілеріне сынақ жүргізу; - аппараттық және бағдарламалық құралдарды кешендеу, есептеу жүйелерін, кешендер мен желілерді құрастыру. 4) Ұйымдастыру-басқару қызметі: - жұмыс орындарын, олардың техникалық жабдықтауын ұйымдастыру, компьютерлік жабдықтарды орналастыру; - кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу үдерісінің жекелеген кезеңдерін ұйымдастыру; - кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу үдерісін бағалау, бақылау және басқару; - кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу және зерттеу үдерісін ұйымдастыру кезінде технологияны, аспаптық бағдарламалық құралдарды және есептеу техникасы құралдарын таңдау; - кәсіби қызмет нысандарын әзірлеу үдерісін ұйымдастырудың қабылданған шеңберінде персоналды оқыту. 5) Ғылыми-зерттеу қызметі: - зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені жинау, талдау; - зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін ендіруге қатысу. 6) Инновациялық қызмет: - стратегиялық жоспарлауды АКТ, кәсіпорындар мен ұйымдардың инфрақұрылымымен келісу. 7) Монтаждау-реттеу қызметі: - бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға енгізу үшін техникалық құралдарды инсталляциялау, реттеу және баптау; - дайын компоненттерден бағдарламалық қамтаманы құрастыру; - олардың компоненттерін бағдарламалық қамтаманы және олардың компоненттерін пайдалану. 8) Сервистік-пайдалану қызметі: - бағдарламалар мен бағдарламалық жүйелерді инсталляциялау; - аппараттық-бағдарламалық құралдарды баптау және пайдалану қызметін көрсету; - техникалық жағдайын тексеру және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру; - жабдықты пайдалану бойынша нұсқаулықтар мен сынақ бағдарламаларын жасау; - есептеу желісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету; - кәсіби қызмет объектілерінің пайдалану сипаттамаларын өлшеу әдістері мен құралдарын таңдау. |
|||||||||||||||||||||||||||
Маманның құзыреттілік картасы |
|
||||||||||||||||||||||||||
Модульдік оқу жоспары |
|