6B07204 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау

  Мәтінді оқу  

Таңдау бойынша бейіндік пәндер – математика және физика.

«6В07204 - Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» БББ KAZSEE және ENAEE аккредиттелген.

Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау - Қазақстанның минералдық-шикізат базасын дамыту және нығайту мақсатында жер қойнауын геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбалардың барлық түрлерін іздеуге және барлауға бағытталған ғылым саласы.

БББ мақсаты

Осы саланы дамытудың заңдары мен проблемаларын түсінуге, дербес ғылыми және дүниетанымдық шешімдерге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге, геология және геологиялық барлау саласында озық білім мен ақпаратты алуға және таратуға, оқу процесін, іргелі ғылыми зерттеулерді интеграциялау негізінде қоғамның зияткерлік элитасын озық даярлауға негізделген геологиялық ойлау мен білім берудің және пайдалы қазбалар геологиясы саласындағы инновациялық тәсілдердің жүйесін қалыптастыру.

ББ мақсаты геологиялық барлау кәсіпорындарының даму үрдістеріне, қоғамның, экономиканың және өңірдің және елдің Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Бұл білім беру бағдарламасы өзекті және әлеуетті жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие.

«Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» БББ үш деңгейлі дайындықты (бакалавриат, магистратура, докторантура) жүзеге асырады және Университеттің жетекші бөлімшелерінің бірі болып табылады.

ҚР бойынша «6В07204 - Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» БББ бакалавриатының білім беру бағдарламаларының "Атамекен" ҰКП рейтингінде бұл мамандық алдыңғы орын алады: 2020 ж., 2021 ж. 1 орын, 2022 ж. 3 орын, 2023 ж. 1 орын.

Университетте ББ бакалаврларының ғылыми зерттеулерін орындауға сәйкес келетін заманауи жоғары технологиялық зертханалық база бар. ҚР БЖҒМ мен Геология комитетінің қаржыландырылатын гранттары есебінен Геология және тау-кен саласындағы Құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығына жабдық сатылып алынады.

Қазақстанда ақпараттық технологияларды меңгерген жас кадрларларға аса қажеттілік байқалады, БББ Micromine, Leafprog, AutoCad, CorelDRAW, Mapinfo Professional 10,0, Компас, QGIS және т.б. заманауи компьютерлік бағдарламаларда жұмыс жасауды оқытады.

Дайындыққа ғылыми дәрежелері мен атақтары бар жоғары білікті оқытушылар, сондай-ақ біздің түлектерімізге кәсіби қызметте бәсекеге қабілетті маман болуға мүмкіндік беретін тәжірибелі өндірісшілер белсенді қатысады. Сондай-ақ әр уақытта Жапония, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Украина және Польша ғалымдары студенттерге сабақ, шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізеді.

Біздің студенттер студенттік ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен студенттердің республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына, пәндік олимпиадаларға қатысады.

 

Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семестр бойы алыс шетелдің жоғары оқу орындарында (Польша, Германия, Жапония және т. б.) оқуға, сондай-ақ шетелдік тағылымдамаларға баруға, Erasmus+, DAAD және т. б. халықаралық білім беру бағдарламасы шеңберінде жазғы мектептерге қатысуға мүмкіндік алады. Білім беру бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылынан бастап екі серіктес ЖОО (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ) білім алушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы іске асырылуда. ББ профессор-оқытушылар құрамының пікірінше, академиялық ұтқырлық-қазақстандық жоғары оқу орындарын халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау процесінің маңызды бағыттарының бірі.

Студенттер оқу тәжірибесін «GeoHubEKTU» оқу полигонында университет базасындағы «ПРОСТОР» жазғы экспедициялық лагерінде және өндірістік тәжірибені ғылыми – зерттеу институттарында, Қазақстанның түрлі қалаларындағы сервистік компанияларда («KAZMinerals» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Топаз ТКК» ЖШС, «Алел» ФИК АҚ, «RGGold» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және басқалары) өтеді кейіннен жұмысқа орналасады.

Геологическая практика студентов Учебная практика в ЛЭЛ «ПРОСТОР» Геологическая практика студентов Геологическая практика студентов Геологическая практика студентов
Студенттердің геологиялық тәжірибесі.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ дипломы бар геологтар қазіргі уақытта өңірдің геологиялық ұйымдарында, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларымен бірге жақын және алыс шетелдерде еңбек етеді. 6В07204 "Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау" ББ түлектерін жұмысқа орналастыру пайызы орта есеппен 95% құрайды.

«Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» білім беру бағдарламасы өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында есептеу-жобалау, өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру жұмыстарын орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының геологиялық, геологиялық-түсіру, тау-кен өндіру кәсіпорындары үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындайды.