6B04104 - Кәсіпорындағы есепке алу, талдау және аудит

  Мәтінді оқу  

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Инновациялық экономиканы дамыту жағдайында әлеуметтік-маңызды міндеттерді шешу үшін Шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін есепке алу, аудит және талдау саласындағы озық технологияларды меңгерген, инновациялық ойлауға ие жоғары білікті, бәсекеге қабілетті дипломды мамандарды даярлау

ББ негізгі бағытын көрсететін идеясы

Қазақстандық компаниялардың өсуі мен табысы бухгалтерлік есеп пен аудит саласында жоғары кәсіби қызметкерлерді жұмысқа тарту қажеттілігін туғызады, онсыз бірде-бір ұйым жұмыс істей алмайды.

Білім беру бағдарламасы инновациялық ойлауға ие, есеп, аудит және талдау саласындағы озық технологияларды меңгерген, әлемдік қаржы, банк, сақтандыру, инвестициялық бизнес шарттарына ықпалдасуға және әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған

Мамандар лауазымдарының тізбесі

  • ХҚЕС, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау қағидаттары мен ережелеріне сәйкес жедел басшылық пен басқару үшін қажетті ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толыққанды және дұрыс ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету;
  • есеп саясатын, аудит және талдау әдістемесі мен техникасы мәселелері бойынша нұсқаулар мен ережелерді әзірлеу;
  • өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтау;
  • пайдаланушыларды сенімді ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету