Бакалавриат базалық жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды көздейді.
Күндізгі бөлім - оқу мерзімі 4 жыл.
Академиялық дәрежесі - техника және технология бакалавры.
Техника және технология бакалаврларының кәсіби қызмет саласы. Бакалавриатты бітірген мамандар өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру жұмыстарын атқара алады, қара, түсті, сирек, радиоактивті металдарды, қорытпалар мен арнайы материалдарды байыту, алу және өңдеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алады.
«Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша бакалавриат түлектерінің кәсіби қызметі:
- еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын бақылау;
- кіші орындаушылар ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру;
- жедел бастапқы өндірістік бөлімшелердің жоспарларын әзірлеу;
- техникалық құжаттаманы жүргізу;
- эксперименттік қызмет бойынша есептер, шолулар мен жарияланымдар дайындау;
- ғылыми-техникалық ақпаратты зерттеу;
- стандартты автоматтандырылған жобалар мен зерттеулер негізінде процестер мен объектілерді математикалық модельдеу және т.б.;
- бакалавриат түлектері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес қызмет атқара алады
Техника және технология бакалаврларының кәсіби қызметінің объектілері: қара және түсті металлургия, химиялық, тау-кен-химиялық және машина жасау өндірісінің кәсіпорындары, салалық ғылыми-зерттеу институттары, зауыттық зертханалар, орта техникалық оқу орындары.
Бакалавриатта оқу мақсаттары:
- Кәсіби қызмет негізінде жатқан жаратылыстану-ғылыми, математикалық және базалық білімі бар, пайдалы қазбаларды байыту және өңдеу саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістік қызметке бітірушіні дайындау.
- Бітірушіні инновациялық технологияларды құру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау: инновациялық ойлауды қалыптастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемелерін меңгеру.
- Бітірушіні өндірістің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру-басқару қызметіне дайындау.
- Бітірушіні металлургиялық өндірісте пайдалы қазбаларды байытудың технологиялық процестерін автоматтандырылған жобалау құралдарын және осы процестерді технологиялық жабдықтау құралдарын пайдалана отырып жобалау-конструкторлық қызметке дайындау.
- Бітірушіні өз бетімен оқытуға және жаңа кәсіби білім мен іскерлікті меңгеруге, еңбек нарығының өзгермелі жағдайында үздіксіз кәсіби өзін-өзі жетілдіруге дайындау.
6В07202 "Пайдалы қазбаларды байыту" ББ бойынша өндірістік практикалардың базалары болып табылады: «Казцинк» Өскемен металлургия кешені ЖШС, «Казцинк» Риддер тау-кен байыту комбинаты, «Казцинк» Зырян тау-кен байыту комбинаты, «ВНИИцветмет», «Алел» ҚИК АҚ, «Казахмыс» Корпорациясы, «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС.
Осы бағдарламаның түлектері жұмысқа орналасатын негізгі кәсіпорындар: «ВНИИцветмет», «Алел» ҚИК АҚ, «Казцинк» АҚ (Риддер тау-кен байыту комбинаты, Зырян тау-кен байыту комбинаты), «Казахмыс» Корпорациясы, Секисовка тау-кен компаниясы, Бақыршық тау-кен кәсіпорны. Түлектерді жұмысқа орналастыру 95% - дан астамын құрайды.
«Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша Типтік оқу жоспарына сәйкес осы білім беру бағдарламасын табысты игерген түлектерге «6В07202 – Пайдалы қазбаларды байыту мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.