6B08601 - Су ресурстары және суды пайдалану

Саласы: Ауылшаруашылық және биоресурстар

Бағыты: Су ресурстары және суды пайдалану

БББ тобы: Су ресурстары және суды пайдалану

 

Таңдау бойынша тестілеу пәні - математика.

Бейіндеу пәні - физика.

«Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы су шаруашылығы және суды пайдалану саласында жоғары білікті инновациялық-бағытталған мамандарды дайындауға арналады және қалыптастырды:

  • су пайдаланудың экологиялық принциптері, су ресурстарын басқару, қорғау және кешенді пайдалану, гидравлика негіздері, өзен ағынының қалыптасу заңдылықтары, өзендердің су режимі, тазалау әдістері мен тәсілдері туралы білім;
  • су тораптары мен су шаруашылығы жүйелерін, ауылдық сумен жабдықтауды, жайылымдарды суландыру және суару мелиорациясын жобалау негіздері туралы білім;
  • су шаруашылығы кәсіпорындарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша негізгі операцияларды білу;
  • экологиялық су пайдалану саласындағы есептерді және су шаруашылығы жүйесі мен су тораптарының элементтерін жобалау бойынша есептерді (су жинау ғимараттары, желілер, сорғыш бекеттері, суды тазарту бойынша ғимараттар) орындау, суды тазарту бойынша технологияны таңдауды игеру;
  • су шаруашылығы жүйелері жұмысының негізгі пайдалану параметрлерін бағалай білу;
  • көл және өзен гидрометриясында қолданылатын негізгі гидрологиялық аспаптармен жұмыстау, құрал-саймандармен және жабдықтармен жұмыс істеу дағдысы;
  • су нысандарында өлшеу жұмыстарын орындау, су айдынындағы су сапасының мониторингі мақсатында судың физикалық және химиялық көрсеткіштерін анықтау және сынамалар алу, Майер әдісі және биотестілеу әдісі бойынша организмдер - индикаторлардың көмегімен гидробиологиялық және зертханалық талдау жүргізу дағдылары;
  • • су шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарда орындаушы ретінде жұмыс орнында міндеттерді практикалық шешу дағдылары.
Соңғы өзгерістер күні:
18.04.2025