"АКВА" студенттік ғылыми-техникалық үйірмесі

  Мәтінді оқу  

АКВА 2002 жылы «Су-ауа бассейнін тиімді пайдалану және жылумен газбен қамту» кафедрасында «Сумен қамту, суларды бұру және су ресурстарын қорғау» және «Жылумен қамту, желдету және ауа бассейнін қорғау» мамандықтары базасында Студенттік ғылыми-техникалық үйірмесі (СҒТҮ) "АКВА" ұйымдастырылған.  

Студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесінің миссиясы:

  • су шаруашылығы саласында практикалық-бағытталған жоғары білікті мамандар даярлау;
  • студенттің танымдық қызметін жандандыру, дербестікті арттыру, қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру

Үйірме жұмысының бағыттары:

  • Гидроресурстар  - су ресурстарын интеграцияланған басқару;
  • Нысандарды сумен қамтамасыз еті және суларын бұру – өндірістік, ауылшаруашылығы және қалалық;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шараушылығы – үймереттер мен ғимараттардың инженерлік жүйелері мен желілері.

Ғылыми-техникалық үйірме мүшелері қатысады:

  • университет бөлімшелерінің, ректораттың тапсырысы бойынша жұмыстарды орындауда;
  • оқытушылардың жетекшілігімен ұйымдармен шарттар бойынша жұмыстарды орындауда;
  • халықаралық ортада білім мен тәжірибе алу мақсатында қоршаған орта мәселелеріне немесе технологияларға арналған ағылшын тілінде оқытатын Қазақстан-Неміс университетінің жазғы мектептерінде;
  • ғылыми-қолданбалы конкурстарда, экологиялық жобалар мен конференцияларда.

Үйірменің ерекшелігі: пәнаралық сипат, бұл білім алушыларды сабақтарды біріктіруге итермелейді және ғылыми-зерттеу қызметінің әмбебап сипатын көрсетеді.

Бағдарламаны жүзеге асырылады: пәнаралық байланыстар негізінде, 1-2 курстарда студенттер гуманитарлық және әлеуметтік цикл, математикалық және жаратылыстану ғылыми цикл пәндерін ғана емес, сонымен қатар арнайы пәндерді оқиды.

СҒТҮ қатысушылар: «Су ресурстары және суды пайдалану», «Сумен қамту және канализация", «Инженерлік жүйелер мен желілер» ББ бакалавриаттары  және «Сумен қамту және канализация» магистратурада білім алушылары, сондай-ақ басқа білім беру бағдарламаларының студенттері.