Академиялық ұтқырлық – жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының белгілі бір мерзімге оқу немесе оқыту мақсатында өз елінің ішінде немесе одан тыс басқа оқу немесе ғылыми мекемеге баруы.

Академиялық ұтқырлықтың артықшылықтары:

  • Шетелде тамаша оқу тәжірибесін алу;
  • Болашақта бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
  • Жаңа білім алу;
  • Шет тілін меңгеру деңгейін арттыру;
  • Ой-өрісіңізді кеңейту;
  • Саяхаттау мүмкіндіктері;
  • Жаңа адамдармен танысу және байланыс орнату;
  • Жаңа елмен және оның мәдениетімен танысу.

Бүгінгі таңда университетіміз сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын сәтті жүзеге асыруда және шетелде 150-ге жуық серіктес университеттері бар.

Біздің серіктес-университеттер:
  • IIIT Bombay Mumbai, Үндістан
  • Istanbul University, Түркия
  • Adam Mickiewicz, Польша
  • Zonguldak Bulent, Түркия
  • Akita University, Жапон елі
  • Grenoble University, Франция
  • Obuda University, Венгрия
  • UITM MARA, Малайзия
  • University of Naples, Италия