Виза алу кезіндегі әрекеттер тізбегі
1. ҚР шекарасынан өткендігі туралы хабарлама алу
Мемлекеттік шекараны кесіп өткеннен кейін, шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының аумағына бірінші рет кірген күннен бастап (демалыс және мереке күндерін есепке ала отырып) Халықаралық ынтымақтастық басқармасына баруы тиіс.
2. vmp.gov.kz ҚР визалық-көші-қон порталында немесе E-Qonaq eqonaq.kz порталында тіркелу
Тапсыру керек:
Визалық режимі бар елдер үшін:
- паспорт және мемлекеттік шекараны кесіп өткендігі туралы белгі мен визасы бар паспорттың көшірмесі;
- қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, курстан курсқа көшу немесе студент екендігі туралы анықтама;
- пәтер иесінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі немесе жатақханадан анықтама.
Визасыз режимі бар елдер үшін:
- паспорт және мемлекеттік шекараны кесіп өткендігі туралы белгі мен визасы бар паспорттың көшірмесі;
- қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, курстан курсқа көшу немесе студент екендігі туралы анықтама;
- пәтер иесінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі немесе жатақханадан анықтама;
- дактилоскопиялық тіркеу туралы анықтама.
3. Шетелдік азаматтардың тіркелген мекен жайы бойынша тұруын бақылау
Әрбір шетелдік азамат тіркелген мекенжайында тұруы тиіс. Тіркеуде көрсетілген мекенжайға сәйкес келмейтін фактілік тұрғылықты орын миграциялық заңнама бұзушылық болып табылады.
4. Оқу визасын рәсімдеу
Шетелдік азаматтарға С9 оқу визасын алу үшін Халықаралық ынтымақтастық басқармасы арқылы шақыру беріледі.
Көп мәртелік (90 күннен астам) немесе бір мәртелік (90 күннен кем) С9 визасын (оқу мақсатында) алу үшін шетелдік азаматтар тапсыруы тиіс:
- шетел паспортының көшірмесі және түпнұсқасы;
- ректордың қабылдау/ курстан курсқа ауысу туралы бұйрығының көшірмесі;
- білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімшарттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
- 3,5х4,5 өлшеміндегі фотосуреті бар, белгіленген нысанда толтырылған визалық сауалнама https://www.gov.kz/uploads/2020/3/16/4c80ca175301c78bf83bcfd00077de06_original.244495.pdf;
- пәтер иесінің нотариалды куәландырылған келісімі немесе университеттің жатақханасынан бағыттамасы (уақытша тұратын жері бойынша);
- Университеттен өтінішхат; https://docs.google.com/document/d/1ZDfpewgmZAzl-6BShSNZ7ry4ipuHzIHJ/edit?usp=drive_link&ouid=104718141106081552094&rtpof=true&sd=true
Көп мәртелік немесе бір мәртелік С3 визасын (еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында) алу үшін шетелдік азаматтар тапсыруы тиіс:
- шетел паспортының көшірмесі;
- еңбек келісімшартының көшірмесі;
- лауазымға қабылдау туралы ректордың бұйрығының көшірмесі;
- белгіленген нысандағы сауалнама қағаз немесе электронды нұсқада; үлгі: https://www.gov.kz/uploads/2020/3/16/4c80ca175301c78bf83bcfd00077de06_original.244495.pdf;
- пәтер иесінің нотариалды куәландырылған келісімі немесе университет жатақханасынан (қонақүйінен) анықтама (уақытша тұратын жері бойынша);
- ресми хат - Университеттен өтінішхат.
Этникалық қазақтарға арналған үлгі: https://docs.google.com/document/d/1ZDfpewgmZAzl-6BShSNZ7ry4ipuHzIHJ/edit#heading=h.gjdgxs
Шақыру Өскемен қаласының Көші-қон полициясы органдары тарапынан 5 жұмыс күні ішінде рәсімделеді, бірақ қарау мерзімі 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
5. Оқу визасын ұзарту
Виза мерзімі аяқталмай тұрып 15 күнтізбелік күн бұрын Халықаралық ынтымақтастық басқармасы арқылы визаны ұзарту жүзеге асырылады.
Оқу визасы 1 жылға ұзартылады.
Егер паспорттың мерзімі аяқталса, (оны визаның аяқталу мерзіміне 120 күн қалғанға дейін) Консулдық қызмет департаментінде алдын ала ұзарту қажет.
Оқу визасын ұзарту үшін шетелдік студенттер оқу визасының аяқталуына кемінде 15 күн қалғанға дейін тапсыруы тиіс:
- паспорт және паспорт пен визаның көшірмесі;
- қабылдау (курстан курсқа ауысу) туралы ректордың бұйрығының көшірмесі;
- көп мәртелік виза үшін мемлекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек (30 МРП). МКД Өскемен қ. КБК: 108126, КНП: 911*;
- 3х4 фотосуреті бар визалық сауалнама;
- пәтер иесінің нотариалды куәландырылған келісімі немесе университет жатақханасынан анықтама (уақытша тұратын жері бойынша);
- ресми хат - Университеттен өтінішхат. Үлгі: https://docs.google.com/document/d/1lgQC9rzI6eCbN8m5fMNnjdttooVNFqF6/edit?usp=drive_link&ouid=104718141106081552094&rtpof=true&sd=true
- *Этникалық қазақтарға арналған үлгі: https://docs.google.com/document/d/1vt3Eqzvb35DKfsEJPESby5f2IQXyd4vL/edit?usp=drive_link&ouid=104718141106081552094&rtpof=true&sd=true
*Этникалық қазақтар виза рәсімдеу және ұзарту үшін мемлекеттік баж салығынан босатылады.
Еңбек визасын ұзарту үшін шетелдік азаматтар еңбек визасының аяқталуына кемінде 15 күн қалғанда тапсыруы тиіс:
- паспорт және паспорт пен визаның көшірмесі;
- еңбек келісімшартының көшірмесі;
- лауазымға қабылдау туралы ректордың бұйрығының көшірмесі;
- құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек;
- 3х4 фотосуреті бар визалық сауалнама;
- пәтер иесінің нотариалды куәландырылған келісімі немесе университеттің жатақханасынан (қонақүйінен) анықтама (уақытша тұратын жері бойынша);
- ресми хат - Университеттен өтінішхат.
Шетелдік азаматтар визаны уақытында Халықаралық ынтымақтастық басқармасы арқылы ұзартуы немесе визаның аяқталу мерзіміне 10 күн қалғанда Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы тиіс.
6. ЖСН рәсімдеу
Құжаттарды қабылдау және ЖСН беру қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ келген жері бойынша (Халыққа қызмет көрсету орталығында) тегін жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар:
- ЖСН алуға өтініш
- шетелдік азаматтың паспорты
Егер паспортта аты-жөні мен туылған жері кириллица немесе латын әліпбиінде жазылмаған болса, өтініш беруші нотариуспен куәландырылған құжаттың аудармасын қосуы тиіс.
7. УТР рәсімдеу
Уақытша тұруға рұқсат (УТР) – Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға берілетін құжат. УТР ЕЭО (Еуразиялық экономикалық одақ, оған Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения және Қырғызстан кіреді) және ТМД елдері азаматтары үшін тиісті категориядағы визаны ауыстырады. Осылайша, ЕЭО азаматтары Қазақстанда 90 күннен артық бола алмайды және Қазақстанда болуын ұзарту үшін олар УТР – уақытша тұруға рұқсат алуына болады.
УТР алу үшін қажетті құжаттар:
- Университеттен өтініш-сауалнама (өтініш); үлгі: https://docs.google.com/document/d/1bfEF4CyvytJ6oU4p9pI4JMLHwRE1Y4EL/edit
- Университеттен өтініш-сауалнама (УТР алу мақсатында жұмысқа орналасу үшін өтініш); үлгі: https://docs.google.com/document/d/1DvYODRcYD8gzzBlCJe-a1KL-CubCwZ3j/edit
- шетелдік азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі - паспорт (түпнұсқасы тексеру үшін ұсынылады);
- пәтер иесінің нотариалды куәландырылған келісімі немесе университеттің жатақханасынан бағыттама (уақытша тұратын жері бойынша);
- қабылдау/курстан курсқа ауысу туралы бұйрықтың көшірмесі немесе студент екендігі туралы анықтама;
- шетелдік азаматтың визалық және миграциялық порталынан (e-qonaq) тіркелгені туралы анықтама;
- ЖСН көшірмесі;
- дактилоскопиялық тіркеу туралы анықтама.
Егер студент УТР-ты қайтадан рәсімдейтін болса, университет студенттің атынан ХҚКО-ға құжаттар тапсыру үшін сенімхат бере алады. Үлгі: https://docs.google.com/document/d/1hxoNgf4KYwooGINIjdVp_JutVeXbb-A5/edit
ПОҚ үшін сенімхат үлгісі:
Оқу мақсатында УТР бір жылға беріледі. УТР алғаннан кейін шетелдік азамат ХЫБ-ке құжаттың көшірмесін тапсыруға міндетті.