Тілдік құзыреттілік орталығының міндеттеріне келесі бағыттар бойынша мақсатты тіл үйренушілерге ақылы негізде әртүрлі тілдік қолдау көрсету кіреді:
- тілдік дайындық
- кеңес беру және сертификаттау
- аударма қызметтері
Тапсырмалар келесідей жүзеге асырылады:
- қазақ, орыс және шет тілдерін (барлық деңгей) оқыту курстарын ұйымдастыру;
- халықаралық тіл емтихандарына дайындық (қазақ тілі – KazTest A1-C1, ағылшын тілі – IELTS, TOEFL iTP, TOEIC®, неміс тілі – Goethe-Zertifikat A1-C1, TestDaF, қытай тілі – HSK 1-4 деңгейлері);
- магистратураға ағылшын тілінде түсу емтиханына дайындық;
- қазақ, орыс және шет тілдерін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеу;
- халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу және академиялық ұтқырлық үшін шет тілінде құжаттарды дайындауда консультациялық қолдау көрсету;
- кәсіби аудармаларды орындау
Тіл үйренуді бүгінен бастаңыз!
Сынақ сабағына жазылу: Сабақтарды бастамас бұрын тіл деңгейіңізді анықтау және тегін сынақ сабағына қатысу үшін форманы толтырыңыз.