«Абай» клубы

Abay «Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма».

Абай

Клубтың мақсаты: Туған өлкенің әдебиеті мен өнерінің дамуына зор үлес қосқан белгілі тұлғалардың өмірін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында кеңінен насихаттау.

Клубтың міндеттері: Белгілі тұлғалардың шығармашылығын мысалға ала отырып, жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу; кештер, қызықты адамдармен кездесулер, жаңа кітаптардың тұсаукесері, интеллектуалдық ойындар, дөңгелек үстелдер, оқырмандар конференциялары, сонымен қатар байқауларға қатысу.

«Абай» клубына шығармашылықпен айналысатын, сөз өнерін бағалайтын жастар қабылданады.

Клуб жұмысы Клуб кеңесінің басшылығымен іске асады.

Клубтың  жұмыс жоспары клуб мәжілісінде талқыланып, бекітіледі.

Клубтың мақсаты: Туған өлкенің әдебиеті мен өнерінің дамуына зор үлес қосқан белгілі тұлғалардың өмірін өскелең ұрпаққа насихаттау.

Клубтың міндеттері: Белгілі тұлғалардың шығармашылығын мысалға ала отырып, жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу; кештер, қызықты адамдармен кездесулер, жаңа кітаптардың тұсаукесері, интеллектуалдық ойындар, дөңгелек үстелдер, оқырмандар конференциялары, қала, облыс кітапханаларында өткізілетін шараларға қатысу, сонымен қатар байқауларға қатысу.

Клуб жұмысының жоспары бойынша отырыстар, дөңгелек үстел, пікірсайыстар, көрсетілімдер, кездесулер өтеді.

Клуб жетекшісі: Бакиева Әлия Кәкімқызы. Жазылам десеңіздер 87782151498 телефонына хабарласуға болады.

Біздің клубқа қызығушылық танытқан барлық жастарды  шақырамыз! Біздің клуб арқылы өздеріңізді шығармашыл тұлға ретінде, ақын ретінде таныта аласыздар! Бізбен бірге болыңыздар, дамыңыздар, рухани өсіңіздер!

Соңғы өзгерістер күні:
21.01.2026