1998-2003 ж.ж. – К. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша оқыды, біліктілігі – инженер-технолог;
2008-2010 ж.ж. – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Металлургия» мамандығы «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандандыруы бойынша магистратурада оқыды, академиялық дәрежесі – металлургия магистрі;
2011-2014 г.г. – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Металлургия» мамандығы бойынша PhD-докторантурасында оқыды.
2014 жылы К.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде (Алматы қ.) «Құрамында селены бар сапа шартқа сәйкес емес онімдерден маркалы селенді алуды физико-химиялық зерттеу және технологиясын әзірлеу» тақырыбында PhD-докторлық диссертациясын қорғады.
2003 жылдан «Химия, металлургия және байыту» кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы қызметінде жұмыс істеді.
2015 жылдың мамыр айынан тамыз айына дейін ғылым және халықаралық ынтымақтастық бойынша декан орынбасары болды.
2016 жылдың маусым айынан 2018 қараша айына дейін "Химия, металлургия және байыту" кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
1 докторанттың, 4 магистранттың ғылыми жетекшісі.
23-ОПТ-3, 23-ОПТК-3, 23-ОПВ-2 топтарының кураторы.
2021 жылдың шілдеден бастап Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебінің қауымдастырылған профессоры.
2009жылы -Тау-кен Академиясына ғылыми іс-тәжірибе (Германия, Фрайберг қаласы) 10 күн ( ма-гистратурада оқығанда);
2010жылы- ҒЗТУ МИСИС іс-тәжірибе (Ресей,Мәскеу қаласы) 20 кун;
2013жылы-ғылыми іс-тәжірибе Техникалық Университет Клаусталь (Германия, Клаусталь қаласы) 2 апта (докторантурада оқығанда);
2014жылы-ғылыми іс-тәжірибе Техникалық Университет Клаусталь (Германия, Клаусталь қаласы) 10 күн (докторантурада оқығанда);