Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің Жоғарғы техникалық колледжі мамандарды дайындауда 13 мамандық бойынша жұмыс істейді. Құжаттарды қабылдау күндізгі бөлім бойынша осы жылдың 20 тамызына дейін, ал сырттай бөлім бойынша 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Колледжге 9, 11 сыныптың түлектері және өткен жылғы түлектер түсе алады. Күндізгі бөлім бойынша оқу құны жылына 195 мың теңге, ал сырттай бөлім бойынша 140 мың теңгені құрайды. Университетте бірнеше жатақхана бар, онда қала сыртынан келген колледж студенттері тұратын болады.

Колледж студенттері университет студенттерімен бірге бас ғимаратта оқиды. Колледж мамандықтары факультеттер мен кафедралармен бекітілген. Осылайша, бірінші оқу күнінен бастап «Колледж - ЖОО» өзара қарым-қатынасы басталады. Колледж ЖОО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Колледжді аяқтаған түлек университеттің жеделдетілген бағдарламасы бойынша оқуды жалғастырып, 3 жылдың ішінде жоғары білім алып шыға алады. Өз қалауы бойынша, бакалавр дәрежесін, ЖОО-нан кейінгі білім алып, ары қарай оқуын магистратура мен докторантурада жалғастыруына мүмкіндік бар.

ЖОҒАРҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ:

  • Техникалық мамандықтар бойынша мамандарды дайындау;
  • Студенттер университеттің бас ғимаратында оқып, жоғары білікті оқытушылардың дәрісін алу;
  • Қуатты материалдық-техникалық база және заманауи зертханалар мен шеберханалар.
  • «Қазмырыш» ЖШС, «ТМК» АҚ, «Машзауыт» АҚ, «Гидросталь» ЖШС, «Рост» ЖШС  және т.б. қаладағы жетекші кәсіпорындардың іс-тәжірибесінен өту; 
  • Оқу мен демалыс үшін заманауи инфрақұрылым;
  • Университеттің бакалавр, магистрантура және докторантурасында білім алуын жалғастыру.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Жоғарғы техникалық колледжінің мамандықтар тізімі

Жоғарғы техникалық колледжге қош келдіңіздер!

Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: жұмыс күндері – 9-00-ден 18-00-ге дейін; түскі үзіліс – 13.00-ден 14-00-ге дейін; cенбі күні – 9-00-ден 13-00-ге дейін; жексенбі – демалыс.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-і жанындағы Жоғарғы техникалық колледжі

Лицензия №12016669