Виртуалды анықтама қызметі
Виртуалды библиографиялық анықтама қызметі:
ШҚТУ-ң Ғылыми кітапханасында «Виртуалды библиографиялық анықтама» атты ақпараттық қызмет жұмыс жасай бастады. Бұл анықтамадан сіз мынадаай сұрақтарға жауап ала аласыз: кітапханада сізге керек кітап немесе журнал бар ма, сонымен қатар фактографиялық анықтамалар (атақты адамдардың өмір жолы, олардың өмірдеректерінен ақпараттар, тарихи оқиғалардың өткен күндері, терминдердің түсінігі т.б.). Кітапхананың алдыңғы қатарлы мамандары сұраныстарыңызға толық жауап береді. Сұрақ қоймас бұрын, сұраныс жасаудың реті мен ережесін мұқият біліп алу қажет.
Сұрау салуды орындау тәртібі мен шарттары:
- Сұраныстар тек Д.Серікбаев ат. ШҚТУ профессорлық-оқытушылық құрамынан, аспиранттарынан және магистранттарынан қабылданады
- Бір оқырманнан күніне бір ғана сұрау қабылданады.
- Біз дұрыс емес сұрақтар мен тапсырысты жою құқығын сақтаймыз.
- Егер Сіздің өтінішіңізде бірнеше сұрақтар болса, біз өз қалауымыз бойынша тек біреуіне жауап береміз.
- Біз дайын эсселерді, курстық және дипломдық жұмыстарды, сондай-ақ коммерциялық сипаттағы ақпаратты ұсынуға байланысты сұрақтарға жауап бермейміз.
- Қызметкерлер университет оқытушыларының, аспиранттарының және магистранттарының біржолғы сұраныстары бойынша анықтамаларды 24 сағат ішінде орындайды.
- Анықтама алу үшін тапсырыс формасының барлық өрістерін толтырыңыз.
- Сұраулар тек Ж.Құлсейітов ат. Ғылыми кітапхана оқырмандарынан [email protected] электрондық поштасы арқылы қабылданады. Ақпарат электрондық пошта арқылы беріледі.
- Сигналдық ақпаратты алу шарты: электрондық пошта мекенжайының болуы.
Тапсырыс бланкы: