REVIT пайдаланып ғимараттарды ақпараттық модельдеу

Есполова Зухра Аблкасымовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Ғимараттарды ақпараттық модельдеуге арналған графикалық бағдарламалар. BIM жобалау технологиясы туралы түсінік. AutoCAD және Revit Structure бағдарламаларын пайдаланып архитектуралық жобалау. Шаблондар туралы түсінік. Ғимараттың жоспары мен қимасын құрастыру. Түрлерді басқару. Ғимаратты модельдеу. Кестелермен жұмыс

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік және компьютерлік графика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны компьютерлік аудиторияда

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • ақпараттық модельдеуді құру үшін қажетті кәсіби құзыреттердің жаңасын алу және барын жетілдіру
Міндет
  • студенттерге Autodesk Revit-те ғимараттың негізгі ақпараттық моделін құру саласында білім беру, әртүрлі қоғамдық мақсаттағы ғимараттардың концептуалды моделін құру дағдыларын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Revit көмегімен құрылыстың ақпараттық модельдеу технологиясын түсіну, Revit-те жобалаудың негізгі принциптерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • білім алушылар Revit-те ғимараттың концептуалды моделін құру және өңдей алуы керек, Revit-те жұмыс құжаттамасын әзірлей алуы керек; әзірленген жобалар мен техникалық құжаттаманың стандарттарға сәйкестігін түсініп, бақылауы қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • білім алушылар ақпарат жинау, алмасу, сақтау және өңдеудің тиімді ережелерін, әдістері мен құралдарын, ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • ақпараттық модельге негізделген жоба жасауда топтық жұмысқа қатысу мүмкіндігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • ақпараттық модельдеу, құрылысты жобалаудың негізгі процестерін білу, алған білімдері мен дағдыларын курстық, дипломдық жобалауда және болашақ кәсіби қызметінде қолдана білу
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде келесі білім беру технологияларын қолдану көзделеді: - интерактивті лекция, слайд-шоу немесе оқу фильмдері; - ақпараттық-коммуникациялық (кәсіби бағдарламалық пакеттерді пайдаланатын компьютерлік сыныптағы сабақтар); - ізденушілік және зерттеушілік (оқу процесінде студенттердің өз бетінше зерттеушілік әрекеті); - оқу мәселелерін шешу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Берілген нұсқаға сәйкес тұрғын үйдің ақпараттық моделін жасау. 0-100
Модельдің ассоциативті бейнелерімен А3-А2 форматын қалыптастыру, экспликация ведомостарын құру және
2  рейтинг Бірнеше стандартты типтік өлшемдегі терезе мен есік ойықтарының отбасын жасау. 0-100
Презентацияны жобалау, визуализация құралдарын қолдана отырып, модельді Revit-тен Lumion-ға беру.
Қорытынды бақылау емтихан, курстық жоба 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Ғимаратты жобалаудағы компьютерлік технологияның тарихы
  • Ақпараттық модельдеу технологиясы (BIM)
  • Autodesk Revit интерфейсімен танысу
  • Модельдеу негіздері: торлар мен деңгейлер, қабырғаларды құру және өңдеу
  • Қарапайым терезе отбасын құру
  • Есік отбасын жасау
  • Едендер мен төбелерді жасау және өңдеу
  • Түрлі конфигурациядағы шатырларды жасау және өңдеу
  • Баспалдақтар мен пандустарды, қоршаулар мен тұтқаларды жасау және өңдеу
  • Бөлмелермен және аймақтармен жұмыс Топтар
  • Графиканы күйге келтіру
  • Парақтар
  • Пішімдеу бетін жасау
  • Конструктивті элементтерді - бағандарды, фермаларды құру және өңдеу
  • Dwg файлдарын экспорттау және импорттау
Негізгі әдебиет
  • 1. Талапов В.В. «Основы BIM: введение в информационное моделирование зданий». Учебное пособие. М.: ДМК Пресс, 2012г., 393 с. 2. Парамонова Т.И. БИМ-технологии в проектировании. Что это такое и в чем их преимущества // Техника и технологии.-2017.-№1., с.256. 3. Талапов В. В. Технология BIM. Суть и особенности внедрения информационного моделирования зданий. М: ДМК-Пресс, 2015 г. 4. Рид Фил, Кригел Эдди, Вандезанд Джеймс: Autodesk Revit Architecture. Начальный курс. Официальный учебный курс Autodesk ( перевод В.Талапова),ДМК-Пресс, 2017, -328с 5.Ланцов Л.Л. «Компьютерное проектирование зданий: Revit 2015 » CSD РИОР, 2014 год, 664 с
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Эдвард Голдберг Revit Architekture 20009/2010. Самоучитель по технологии BIM М.: ДМК Пресс, 2010г. 2.Толстов Е.В. Информационные технологии в REVIT. Базовый уровень: учебно-методическое пособие Казань: 2015. 91 c.