Энергетикадағы автоматтандырылған басқару

Байдилдина Айжан Толеубековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Осы облыстағы білімі студенттердің өзінің практикалық әрекетінде автоматандырылған басқару жете түсінуіне және тиімді қолдануына мүмкіндік береді. Алған білімдерді студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуі және ынталандыруы, алдағы мамандықтың пәндерін оқуына дайындау керек. Осы пән біліміне негізделе отырып автоматты басқару жүйелерін жобалауға әрекеттенеді.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Энергетикадағы математикалық есептеулер және компьютерлік үлгілеу

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • өнеркәсіптік кәсіпорындарының энергетикалық шаруашылығын автоматты басқару жүйелғрін құру және пайдалану негіздері бойынша студентер білімін қалыптастыру
Міндет
  • өнеркәсіптік кәсіпорындарда орталықтандырылған іске асырудың қағидалары, негізгі ұғымдары және олардың түрлерін игеру. қазіргі техниалық құралдарыме ақпаратты өлшеу, кодтау, өңдеу мәселерінде қолданылатын автоматтық құрылғылар, оперативті және диспетчерлік басқару жүйелерін құру міндеттері мен қағидаларын игеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Автоматизированные системы управления технологическими процессами Проводить измерения и наблюдения, а также составлять описания проводимых исследований, подготовке данных для составления обзоров, отчетов и научных публикаций. 2. Технологические объекты управления промышленной теплоэнергетики Владеть методиками испытаний, наладки и эксплуатации технологического оборудования в соответствии с профилем работы.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау шараларын және өндірісте энергия мен ресурстарды үнемдеу шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Түрлі әдістемелермен есеп жүргізу. Техникалық тапсырмаларға сәйкес стандартты автоматизация жобалауларымен жеке бөлшектер мен құрамаларын жобалау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өндіріс технологиясына, қауіпсіздік нормалары мен өндірістік санитарияға, өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға сәйкес жұмыс орындарын, олардың техникалық жарақтандырылуын, технологиялық жабдықты орналастыруды ұйымдастыра білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Өндіріс орындарындағы технологиялық процестердің сапасын басқару бойынша құжаттаманы рәсімдей білу және өндірісте экологиялық қауіпсіздіктің сақталуын бақылау, өндірісте энергия мен ресурстарды үнемдеу шараларын әзірлеу және жүзеге асыру.
Оқыту әдістері

Оқытудың кредиттік технологиясы жағдайында сабақтар негізінен белсенді және шығармашылық нысандарда жүргізілуге тиіс. Білім алушыларды білімді іздеу мен басқаруға тартуға, Міндеттерді өз бетінше шешу тәжірибесін алуға ықпал ететін тиімді педагогикалық әдістемелер мен технологиялар қатарында мыналарды бөліп көрсету қажет: - проблемалық - және жобалық-бағдарланған оқыту технологиясы; - оқу-зерттеу қызметінің технологиялары; - коммуникативтік технологиялар (пікірталас, баспасөз конференциясы, ми шабуылы, оқу дебаттары және басқа да белсенді нысандар мен әдістер);-кейстер әдісі (жағдайды талдау); - білім алушылар іскерлік, рөлдік, Имитациялық ойындарға қатысатын ойын технологиялары; - ақпараттық - коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан білім беру)

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг №1 практикалық жұмыс 0-100
СӨЖ№1
№2 практикалық жұмыс
СӨЖ№2
№3 практикалық жұмыс
СӨЖ№3
Ауызша сауалнама
№1 шекаралық бақылау
2  рейтинг №4 практикалық жұмыс 0-100
СӨЖ№4
№5 практикалық жұмыс
СӨЖ№5
№6 практикалық жұмыс
СӨЖ№6
Ауызша сауалнама
№2 шекаралық бақылау
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • АБЖ классификациясы, АБЖ құрылымдарының кластары
  • Көп деңгейлі АБЖ ұйымдастырушылық және функционалдық құрылымы
  • Энергетикадағы автоматтандырылған басқару жүйелері
  • АМУ құрылымы мен функционалдық құрамы
  • Функционалдық топ түсінігі және функционалдық топты басқару
  • Өнеркәсіптік энергетиканы басқарудың технологиялық объектілері
  • Басқару объектілерінің статикалық және динамикалық сипаттамаларын анықтаудың аналитикалық және эксперименттік әдістері
  • Автоматтандырудың техникалық құралдары
  • Автоматтандыру құралдарының техникалық сипаттамаларына қойылатын негізгі талаптар
Негізгі әдебиет
  • 1. В. Трофимов, С.Кулаков. Интеллектуальные автоматизированные системы управления технологическими объектами . - М: Инфра-Инженерия, 2016. 2. Ю.Федоров. Справочник инженера по АСУТП: Проектирование и разработка. - М: Инфра-Инженерия, 2016. 3. Р.Кисаримов. Практическая автоматика. - М: РадиоСофт, 2015 4. С.И.Малафеев., А.Малафеева Основы автоматики и систем автоматического управления. – Academia, 2012 5. Автоматизация диспетчерского управления в электроэнергетике/ Под общей ред. Ю.Н.Руденко и В.А. Семенова. - М.: Издательство МЭИ, 2013. 6. Amirouche, Farid. Principles of Computer-Aided Design and Manufacturing : учебник / F. Amirouche. - 2nd ed. - New Jersey : Pearson Prentice Hall, 2014. 7. Chang Tien-Chien. Computer-Aided Manufacturing : к изучению дисциплины / Chang Tien-Chien, Wysk Richard A., Wang Hsu-Pin. - New Delhi : Pearson, 2016.