ЖҚМ өндіру технологиясы

Сипаттама: Білім алушылар қазіргі жол-құрылыс материалдарының жіктелуін оқиды. Әрбір материал туралы теориялық және практикалық мәліметтер, оның сапалық сипаттамасының ерекшелігі; асфальтты бетондар компоненттерінің ерекшеліктері мен қасиеттері; шикізат, отын-энергетикалық және басқа да материалдық ресурстарды барынша үнемдеу және ұтымды пайдалану кезінде жол-құрылыс материалдарын өндірудің прогрессивті технологиясы.

Кредиттер саны: 6

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты қазіргі жол композициялық құрылыс материалдары мен бұйымдарын, қасиеттерін, технологиясын, қолдану саласын жақсы білетін жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.
Міндет
  • Курстың негізгі міндеттері: - заманауи жол-құрылыс материалдарын зерттеу; - жол-құрылыс материалдарын өндіру технологиясын зерттеу; - шикізат қасиеттерін зерттеу; - ЖЖМ үшін шикізат материалдарын өндіру технологиясын зерттеу; - технолгенді қалдықтарды пайдалану мүмкіндігін қарастыру; - ЖЖМ физикалық-механикалық қасиеттерін анықтауды зерттеу; - жол-құрылыс материалдарын модификациялау мүмкіндігін зерттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін оқыту пәнінің терең білімін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білім алу және докторантурада оқуды жалғастыру дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет барысында туындайтын және тереңдетілген кәсіптік білімді талап ететін міндеттерді тұжырымдап, шеше білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Педагогикалық қызмет; ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті көлемде шет тілдерін пайдалану дағдылары болуы тиіс.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми және педагогикалық қызметтің барлық түрлерін ұйымдастыру, жоспарлау, өткізу мәселелерінде, құрылыс материалдарын өндіруге қатысты барлық аспектілерде құзыретті болу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Заманауи жол – құрылыс материалдары жөніндегі түсінік. Композициондық материалдар жөніндегі жалпы мәлімдемелер. Заманауи композиционды құрылыстық материалдардың классификациясы.
  • Жол бетондарына қоспа. Бетондардың және ерітінді қоспалардың қасиеттерін реттейтін қосымшалар. Бетондар мен ерітінділердің белдесуін және қатуын реттейтін қосымшалар. Бетон ен темір бетонның беріктігін, коррозиялық беріктігін, аязға төзімділігін арттыратын, бетонның өткізгіштігін төмендететін қосымшалар. Жұқа дисперсиялы және комплексті қосымшалар. Қосымшалы бетонның технологиясының ерекшеліктері.
  • Органикалық байланыстырғыш заттар. Жалпы мәлімдемелер. Органикалық байланыстырғыш заттардың классификациясы. Органикалық байланыстырғыштардың құрамы, құрылымы және негізгі физика – механикалық қасиеттері. Түрлері, алулары, қасиеттері, қолданылуы. Жол эмульсиясы – құрамы, түрлері, даярлануы, қасиеті, қолданылуы.
  • Органикалық байланыстырғыш тозуы. Органикалық байланыстырғыш қасиеттерiнiң жақсартуының әдiстерi. Органикалық байланыстырғышты тасмалдау және сақтау. Органикалық байланыстырғыш жұмыстарын өткізудегі техника қауіпсіздігі.
  • Органикалық байланыстырғыш негізіндегі материалдар. Асфальтобетон. Ортақ мәлiметтер, асфальтобетонның классификациясы. Асфальтобетонды даярлауға материалдар, оларға техникалық талаптар. Асфальтобетонның даярлауын технологияның негiздерi. Асфальтобеон қоспасының қасиеттері. Минералды құрайтын молекулалардың өзара әрекеттесуі. Құрылымның қалыптауы және асфальтобетонның құрылымдарының түрлерi. Құрылым - асфальтобетонның механикалық қасиеттерi.
  • Асфальт бетонның түрлері: Жылы, суық, құйма – 1 сағат Құрамдар, қасиеттердiң ерекшелiгi, қолдану. Асфальтобетонның ұзақ уақытқа жарамдылығы. Орнықтылықтың сақтауы бойынша қирату және ша-раның себептерi
  • Полимерлі композициялық материалдар. Жалпы мәліметтер. Полимерлі композиционды материалдар түсінігі және олардың классификациясы. Полимерлі материалдар өндірісінің негізі. Жол құрылысында полимерді қолдану.
  • Цементті-полимерлі бетондар – 2 сағат Химиялық қоспалармен бетон. Бетондардың полимерді сіңіруі. Сулы полимерлі дисперсия қоспасымен цементті – полимерлі бетондар. Суеріткіш полимерлі дисперсия қоспасымен цементті – полимерлі бетондар. Бетонды полимерлермен модификациялаудың басқа жолдары.
  • Күкірт негізіндегі композициялық материалдар – 1 сағат Күкірт құрылыс материалдарына арналған материалдар.Полимерлі күкірт және күкірт бетондары. Күкіртпен сіңірілген бетондар.Полимерлі күкірт негізіндегі күкірт бетоны.
  • Суоқшаулауда, герметика қолданылатын материалдар және бұйымдар–
Негізгі әдебиет
  • 1. Дорожно-строительные материалы: учебник/В. Н. Чубуков – Гомель:УО «БелГУТ», 2005. – 400 с. 2. Надыкто Г. И., Прокопец В. С. Дорожный асфальтобетон: учебное пособие – Омск: СибАДИ, 2009.– 154 с. 3. Проваторова, Г.В. Дорожно-строительные материалы: курс лекций по дисциплинам «Материаловедение», «Технология конструкционных материалов», «Строительные материалы». В 2 ч. Ч. 1 / Г. В. Проваторова; Владим. гос. ун-т. – Владимир : Изд-во Владим. гос. ун-та, 2011. – 114 с. 4. Макаева А.А. Технология заполнителей бетона : учебно-методическое пособие / Оренбург : ОГУ, 2012. - 100 с. ; То же [Электронный ресурс]. -URL: http://biblioclub.ru/index.php?page=book&id=259255 5. Башкатов Н. Н. Минеральные воздушные вяжущие вещества: учеб.пособие/ Екатеринбург: Изд-во Урал. ун-та, 2018. — 148 с. 6. Акимова Т.Н. Органические вяжущие материалы. Учебное пособие. — М.: Российский университет транспорта (МИИТ), 2018. — 122 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 7. Баженов Ю.М., Технология бетона, строительных изделий и конструкций : Учебник / Ю.М. Баженов, Л.А. Алимов, В.В. Воронин. - М. : Издательство АСВ, 2016. - 172 с 8. Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч.пос. – М.: ИАСВ, 2004. – 304 с. 9. Грушко И.М. и др. Дорожно-строительные материалы. – М.: Транспорт, 1991 г.-357с 10. Акимова Т.Н. Минеральные вяжущие вещества: Учебное пособие / МАДИ (ГТУ). – М., 2007. - 98 с. 11. Ю. М. Баженов идр. Проектирование предприятий по производству строительных материалов и изделий (учебник) 2005 г. — 472 стр. 12. Салимбаева З.Н. «Бетон толтырғыштары» пәні бойынша зертханалық практикум. Оқу әдістемелік құралы/ ШҚТМУ. – Өскемен, 2016. – 52 б. 13. Салимбаева З.Н, Хайруллина А.А. Строительные материалы. Методические указания к практическим и лабораторным занятиям, СРС, СРСП по дисциплине «Строительные материалы 1» для студентов строительных и других специальностей всех форм обучения / ВКГТУ. – Усть-Каменогорск, 2016. - 120 с. 14. Батырбаев Г., Садуақасов М. Құрылыс материалдары, Оқу құралы. — Алматы: Эверо, 2009. — 259 б. ISBN 978-601-240-125-7. 15. http:// www.rifsm.ru/ – «Строительные материалы». 16. 2 http://www.stroymat21.ru – Строительные материалы, оборудование, технологии XXI века. 17. 3 http://www.mat-vest.ru/ - информационный ресурс о строительных материалах. 18. http://www/beton.ru/-портал Бетон.ру 19. https://www.egfntd.kz/ 20. Научно-технический и производственный журнал «Строительные и дорожные машины» http://new.sdmpress.ru. 21. ВЕСТНИК КаздорНИИ Научно-практический журнал. Казахстанский Дорожный Научноисследовательский Институт.