Машиналарды өндіру технологиясы

Ғабдысалық Риза

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Технологиялық үдерістердегі механикалық өңдеу, дайындамаларды алу әдісін таңдау, айлабұйымды, құрал-жабдықты және кесуші құралды таңдау, технологиялық құжаттамаларды әзірлеу туралы деректер. Технологиялық үдерістің тиімді сұлбасын таңдау. Құрал-жабдықты, кесуші құралды таңдауды және технологиялық құжаттамаларды дайындау.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны ауызша

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • 1. Студенттердің механикалық өңдеу, дайындаманы таңдау және технологиялық құжат туралы мағұлмат алуы
Міндет
  • 1. Өңдеудің, дайындама алудың, құжат толтырудың және тексерудің заманауй әдістерін үйрену.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. Студенттердің технологиялық процесстерді механикаландырудың заманауй әдістерін үйрену
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. Механикалық өңдеудің дұрыс тәсілін таңдау 2. Заманауй дайындамаларды алуды өндірісте пайдалану 3. Технологиялық құжатты дұрыс безендіру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • 1. Механикалық өңдеудің қолайлы тәсілін таңдау 2. Дайындамаларды алудың қолайлы тәсілін таңдау 3. Жаңа технологиялық үдеріске құжатты әзірлеу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • 1. Технологиялық үдерісті дайындаудың топтық жұмысына қатысу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • 1. Механикалық өңдеудің дұрыс тәсілін таңдау 2. Заманауй дайындамаларды алуды өндірісте пайдалану 3. Технологиялық құжатты дұрыс безендіру
Оқыту әдістері

Машина өндіру технологиясында негізгі есептер мен есептеулерді оқу, білу және шешу

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг № 1 практикалық жұмыс 0-100
№ 2 практикалық жұмыс
Жеке тапсырма
2  рейтинг № 1 практикалық жұмыс 0-100
№ 2 практикалық жұмыс
Жеке тапсырма
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе: пәннің міндеттерімен, сабақ сипатымен, студенттердің аралық бақылау жүйесінің рейтинг көрсеткіштерімен танысу
  • Дайындамаларды алдын ала өңдеу
  • Сыртқы цилиндрлік беттерді (біліктерді) өңдеу технологиясы
  • Ішкі цилиндрлік беттерді (тесіктерді) өңдеу технологиясы
  • Жазық беттерді өңдеу технологиясы
  • Фасонды беттерді өңдеу технологиясы
  • Бұрандалы беттерді өңдеу технологиясы
  • Шпонкалы жыралар мен шлицті беттерді өңдеу технологиясы
Негізгі әдебиет
  • 1. Базров, Б.М. Основы технологии машиностроения: Уч. / Б.М. Базров. - М.: Инфра-М, 2020. - 492 c. 2. Ильянков, А.И. Основные термины, понятия и определения в технологии машиностроения: Справочник: Учебное пособие / А.И. Ильянков. - М.: Академия, 2019. - 288 c. 3. Вороненко В.П. Проектирование машиностроительного производства. - .М.: Дрофа, 2017
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Ғабдысалық Р. Методические указания по практическим работам для студентов всех форм обучения.– ВКГТУ, 2020. 2.1 Технология машиностроения / Под ред. Г.Н. Мельникова. - .М.: МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2007