Оқу ақысына жеңілдіктер

Университетте (бакалавриат) және Колледжде оқу ақысына жеңілдіктер:

Санаттар Өтеулі білім беру қызметтерін көрсету шартында көрсетілген сомадан % - бен әлеуметтік қолдау шарасының мөлшері Ескертпе Қажетті құжаттар тізімі
1 ҚР және шет елдердің ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балаларға 100% 2024 жылдың қабылдауына арналған оқудың барлық кезеңіне Аталған құжаттардың бірі (шет елдер үшін нотариалды куәландырылған):
1) екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі;
2) баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде болу фактісін растайтын анықтама.
2 ҚР және шет елдердің бала кезінен мүгедек балаларға, I, II және III топ мүгедектеріне 40% 2024 жылдың қабылдауына арналған оқудың барлық кезеңіне 1) Мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі
3 Үздік аттестат немесе техникалық және кәсіптік білімі туралы дипломы бар ҚР және шет елдердің білім алушыларына 35% 2024 жылдың қабылдауына арналған оқудың барлық кезеңіне 1) Үздік аттестаттың немесе ТжКБ базасындағы дипломның көшірмесі
2) шет тіліндегі білім туралы құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады
4 «Алтын белгі» аттестаты немесе оған теңестірілген шет елдердің алтын медальмен аттестаттары бар ҚР және шет елдердің білім алушыларына 20% Бірінші оқу жылына 1) «Алтын белгі» аттестатының көшірмесі немесе үздік шетелдік аттестат
2) шет тіліндегі білім туралы құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады
5 ҚР көп балалы отбасынан шыққан білім алушыларға 35% 2024 жылдың қабылдауына арналған оқудың барлық кезеңіне 1) жеке басын куәландыратын құжат.
2) балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі не бала асырап алуды растайтын құжаттар.
3) өтініш берушінің тұрғылықты жерінен анықтама немесе балаларымен бірге тұратынын растайтын өзге де құжат.
4) күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында 18-ден 23-ке дейінгі (егер бар болса) балалардың оқуы туралы анықтама)
5) Шет тіліндегі құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады
6 Д. Серікбаев ат. ШҚТУ (Лидер «ЖАС ТАЛАП-KZ», Ақылды AWARDS 2024, Жасыл түстің 50 реңктері, Жас математик) ұйымдастырған олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарына 10-50 % аралығында Бірінші оқу жылына 1) олимпиада жеңімпазы сертификатының түпнұсқасы
7 Ата-анасы мүгедек, ата-анасының екеуі де зейнеткер ҚР және шет елдердің білім алушыларына 35% 2024 жылдың қабылдауына арналған оқудың барлық кезеңіне 1) аумақтық орган берген мүгедектік туралы белгіленген үлгідегі куәліктің көшірмесі
2) екі ата-анасының зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі
3) Шет тіліндегі құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады
8 Жалпы білім беретін пәндер (информатика, математика, физика, география, биология) бойынша республикалық олимпиадалардың облыстық турларының және республикалық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарына 20% Бірінші оқу жылына 1) информатика, математика, физика, география, биология пәндері бойынша республикалық және ғылыми жобалар бойынша жүлделі орындар алғаны туралы дипломның немесе грамотаның көшірмесі
9 ҰБТ сертификаттары бар (бес пән бойынша) 100 баллдан және одан жоғары білім алушыларға 20% Бірінші оқу жылына 1) 100 балдан және одан жоғары ҰБТ сертификаты
10 Алыс шет елдерден келген білім алушыларға 50% 2024 жылдың қабылдауына арналған оқудың барлық кезеңіне 1) Foundation, бакалавриатқа оқуға түсетіндердің жеке басын куәландыратын құжаттың (шетелдік паспорт) көшірмесі
2) Шет тіліндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады
11 Жоғары білім туралы дипломмен оқуға түскен ҚР білім алушыларына 30% 2024 жылдың қабылдауына арналған оқудың барлық кезеңіне 1) Жоғары білім алғандығын растайтын дипломның көшірмесі
12 Жақын туыстары біздің ЖОО дипломы бар шет елдердегі білім алушыларға 15% Бірінші оқу жылына 1) туысының (атасының, әжесінің, анасының, әкесінің, ағасының, әпкесінің) Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ бітіргенін растайтын дипломының көшірмесі
13 Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары. 15% Бірінші оқу жылына 1) Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) информатика, математика, физика, география, биология пәндері бойынша жүлделі орындарды алғаны туралы дипломның немесе грамотаның көшірмесі;
14 Университеттің «Пайдалы демалыс» жобасының бір мезгілінің қатысушыларына 10% Бірінші оқу жылына 1) осы жобаның маусымдарының біріне қатысу туралы сертификаттың көшірмесі
15 ҚР ТжКБ бір колледжінен бір мамандықтан оқуға түсетін білім алушыларға 40% 2024 жылдың қабылдауына арналған оқудың барлық кезеңіне 1) ағымдағы жылы  Колледжді бітірген бір білім беру бағдарламасынан 7-ден кем емес адам бір мезетте қабылданған жағдайда;
2) Колледжбен ШҚТУ арасындағы меморандум
3) ҚР колледж білім алушыларының диплом көшірмелері
16 Техникалық және кәсіби білімі туралы дипломы бар оқуға түсетін білім алушыларға 30% 2024 жылдың қабылдауына арналған оқудың барлық кезеңіне 1) ҚР колледж білім алушысының диплом көшірмесі
17 Жоғары білімі туралы дипломы бар оқуға түсетін білім алушыларға 30% 2024 жылдың қабылдауына арналған оқудың барлық кезеңіне 1) ҚР жоғары білім алушысының диплом көшірмесі
18 Университет жанындағы "EKTU Educational Academy" желілік инженерлік мектебінің түлектеріне 20% Бірінші оқу жылына 1) Университет жанындағы "EKTU Educational Academy" желілік инженерлік мектебінің аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе Бұйрықтың көшірмесі
19 25 тамызға дейінгі мерзімде ағымдағы жылға 100% алдын ала төлем жасаған ҚР және шет елдердің білім алушыларына 5% Бірінші оқу жылына басқа жеңілдіктерге қарамастан 1) Күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейінгі мерзімде төлем төленген және төлем көшірмесі жеке істе болған кезде
20 ҚР және шет елдердің бірнеше отбасы мүшелерін (екінші және келесі) университетте бір мезгілде оқыту кезінде 10% 2024 жылдың қабылдауына арналған оқудың барлық кезеңіне 1) отбасының бірнеше мүшесінің оқитынын растайтын СҚКО-дан белгіленген үлгідегі анықтама
21 Өз атынан университетке ҚР азаматы болып табылмайтын бір шетелдік талапкерді және азаматтығы жоқ адамды әкелген шет елдердің білім алушыларына оқуға шарт жасасу үшін әрбір келесі үшін 5% Басқа жеңілдіктерге қарамастан бір оқу жылына 1) 23 тамызға дейін жеке картаны толтыру және университет сайтында тіркелу және консультант бағанында өз деректерін көрсету (тіркеу күні бойынша тексеріледі)
22 Ата-анасы университет қызметкерлері болып табылатын студенттерге жеңілдік мөлшері университеттегі жұмыс өтіліне байланысты әр семестрге белгіленеді 2024 жылдың қабылдауына арналған оқудың барлық кезеңіне 1) Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ кадр бөлімдерінен оның осы университеттің қызметкерлері екендігі туралы анықтамада болған жағдайда.

Магистратураға түсушілер үшін оқу ақысына жеңілдіктер:

Санаттар Өтеулі білім беру қызметтерін көрсету шартында көрсетілген сомадан % - бен әлеуметтік қолдау шарасының мөлшері Ескертпе Қажетті құжаттар тізімі
1 Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ үздік дипломы бар түлектеріне 20% Оқудың барлық кезеңіне 1) үздік дипломның көшірмесі болған жағдайда
2 Басқа жоғары оқу орындарының үздік дипломы бар түлектеріне 10% Оқудың барлық кезеңіне 1) үздік дипломның көшірмесі болған жағдайда
3 «Қандастар» статусы бар Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ және басқа да жоғары оқу орындарының түлектеріне 20% Оқудың барлық кезеңіне 1) дипломның көшірмесі болған жағдайда
2 )ұлты қазақ екенін растайтын құжат
4 Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ және басқа да жоғары оқу орындарының дипломдарында тек «үздік» және «жақсы» деген бағалары  бар түлектеріне 15% Оқудың барлық кезеңіне 1) дипломның «жақсы» және «өте жақсы» деген бағалары бар қосымшасы бар көшірмесі болған кезде
5 23 жасқа дейінгі жетімдерге 15% Оқудың барлық кезеңіне Аталған құжаттардың бірі нотариалды куәландырылған:
1) екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі;
2) баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде болу фактісін растайтын анықтама
6 Ата-анасы университет қызметкерлері болып табылатын білім алушыларға жеңілдік мөлшері университеттегі жұмыс өтіліне байланысты әр триместрге белгіленеді Оқудың барлық кезеңіне 1) Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ кадр бөлімдерінен оның осы университеттің қызметкерлері екендігі туралы анықтамада болған жағдайда.
7 Ағымдағы оқу жылына 28 тамызға дейінгі мерзімде 100% алдын ала төлем кезінде 5% Оқудың барлық кезеңіне басқа жеңілдіктерге қарамастан 1) жеке істе төлем жасалған және төлем көшірмесі болған жағдайда күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейінгі мерзім

Университеттегі (бакалавриат, магистратура) және колледждегі студенттерге әлеуметтік (материалдық) қолдау:

Санаттар Әлеуметтік (материалдық) қолдаудың атауы және мөлшері Ескертпе Қажетті құжаттар тізімі
1 Көп балалы отбасынан қиын материалдық жағдайға тап болған студент 15 мың теңгеге дейінгі төлем ай сайын 1) студенттің жеке куәлігінің көшірмесі;
2) анасының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Көп балалы ана» куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда);
4) отбасының әрбір мүшесінің (4 және одан да көп бала) жасын (туған жылын) міндетті түрде көрсете отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (ХҚО) не тұрғылықты жері бойынша әкімдіктен отбасының құрамы туралы анықтама не барлық балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
2 Аз қамтылған отбасынан қиын материалдық жағдайға тап болған студент 10 мың теңгеге дейінгі төлем ай сайын 1) студенттің жеке куәлігінің көшірмесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы «коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (ХҚКО)» немесе тұрғылықты жері бойынша әкімдіктен аз қамтылған отбасы мәртебесін растау туралы анықтама;
3 I, II, III топтағы мүгедек студенттер жатақханада тегін тұру оқу жылы ағымында 1) студенттің жеке куәлігінің көшірмесі;
2) мүгедектік туралы анықтама.
4 Жетім студенттер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер жатақханада тегін тұру оқу жылы ағымында 1) студенттің жеке куәлігінің көшірмесі;
2) студенттің туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3) екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі);
4) Қамқоршысын тағайындау туралы қаулының көшірмесі болған жағдайда.
5 Көпбалалы отбасынан білім алушыларға жатақханада тұру тұру ақысының құнынан 50 % Оқудың барлық кезеңіне 1) студенттің жеке куәлігінің көшірмесі;
2) анасының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Көп балалы ана» куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда);
4) отбасының әрбір мүшесінің (4 және одан да көп бала) жасын (туған жылын) міндетті түрде көрсете отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (ХҚО) не тұрғылықты жері бойынша әкімдіктен отбасының құрамы туралы анықтама не барлық балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
5) e-gov-тан мекен жай анықтамасы
6 Халық тығыз орналасқан және батыс аймақтардан келген білім алушыларға жатақханада тұру тұру ақысының құнынан 50 % Бірінші оқу жылына 1) e-gov-тан мекен жай анықтамасы
7 Жетім және бала кезінен мүгедек балаларға, ҚР I және II топтағы мүгедектерге Жазғы семестрде академиялық қарызды тегін тапсыру (30 кредитке дейін) Оқудың барлық кезеңіне Аталған құжаттардың бірі (шет елдер үшін нотариалды куәландырылған):
1) екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі;
2) баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде болу фактісін растайтын анықтама,
4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі
8 "Жоғары IT колледжінде"шығындарды толық өтеумен жасалған шарттар бойынша оқитын 4-курс студенттеріне
2022-2023 оқу жылына жалғастырушылар үшін
оқу құнының 50% мөлшерінде жеңілдік оқу жылы ағымында 1) Жоғары IT-колледжінде білім алушының анықтамасы